Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
1989 жылы ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы Ауған соғысы» аяқталды. Бұл күні бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдер сол жылдардағы жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі алдында бас иіп, жат жерде ажал құшқан батырларды қайғыра еске алады.
Ауған соғысы ешқашан да естен кетпек емес. Сол соғыста Отан алдында берген анттарына адал болған, өздерінің батылдығы мен жанқиярлығын паш еткен ұлдарын, борыштарын мүлтіксіз атқарған азаматтарды құрмет тұту әрқайсымыздың борышымыз.
Бүгінгі күні ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз бейбіт өмірдегі жарқын істерімен, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктерімен, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектерімен ерекшеленуде. Олар өскелең ұрпақ үшін отансүйгіштік пен патриоттықтың жарқын үлгісі болуда. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда ауданымыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде.
Қазіргі таңда біз Ауған соғысында өмірін қиған солдаттар, сержанттар мен офицерлер, әскери дәрігерлер және басқа да жауынгерлік сертіне беріктігін көрсеткен батыл да қайсар азаматтарды мақтан тұтамыз. Олардың есімдері мәңгілік даңқ және естелік тақтасына алтын әріптермен жазылған. Олар біздің даңқты жерлестеріміз - Александр Викторович Асламов, Қанат Биахметұлы Букетов, Марат Ибрагимович Бейсембаев, Нұрсұлтан Орақпайұлы Разақов, Латиф Абайұлы Фахрутдинов. Біз олардың туған-туыстарының орны толмас қайғысына ортақпыз. Біз атақ алу үшін емес, азаттық алу үшін соғысқан, ұлы мақсат жолында жандарын қиған сарбаздарымызды ешқашан ұмытпаймыз.
Құрметті Ауған соғысы ардагерлері! Жауынгер-интернационалистер!
Сіздерді Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 30 жыл толған атаулы күнмен құттықтаймыз. Ел үшін атқарған және әлі де жүзеге асыратын істеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!
А.Смаилов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
В райцентре Кокпекты состоялась XXII конференция Кокпектинского районного филиала партии «Нур Отан». На собрании была обсуждена роль партии в реализации задач, обозначенных в Послании Президента народу Казахстана «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни». В работе конференции приняли участие председатель районного филиала партии «Нур Отан», аким района Асхат Смаилов, члены Политсовета районного филиала партии «Нур Отан», члены партийной фракции, руководители местных исполнительных органов, председатели первичных партийных организаций, представители средств массовой информации, члены молодежного крыла «Жас Отан».
Толығырақ...«Нұр отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының ХХII конференциясы аудан орталығы Көкпекті ауылында өтті. Жиында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша партияның рөлі талқыланды. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Смаилов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.