Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Ретро әндерге күні бүгінге дейін жұрттың ықыласы ерекше. Мәнді де ырғақты әуендер өткен күннен сыр шертетін тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге ықпал ететіндігі сөзсіз.
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Көкпекті ауылында Тарбағатай ауданының «Ақжар» мәдениет үйі әртістері «Күндер мен жылдар» атты 70-80 жылдардың танымал әндерін ансамбльдің сүйемелдеуімен шырқап, көрермен қауымға ерекше сый тартты.
Жұртшылықты ретро әндермен сусындату мақсатында ұйымдастырылған кешке аудан тұрғындары көптен күткендей. Аудан орталығындағы Қалиқан Алтынбаев атындағы мәдениет үйі көрерменге лық толды. Кешті бас-тап келген «Ақжар» мәдениет үйінің директоры Болат Айтмұхамбетұлы Құсайынов. Болат Айтмұхамбетұлы спортты жанына серік етіп, өнер көшін басқарып жүргеніне 5 жылдай уақыт болыпты.
Весна – время пробуждения и преображения природы. Настает пора рождения новых желаний и целей. Вместе с природой преображается и наш район - продолжается большая работа по благоустройству и озеленению территорий, начатая по инициативе главы района Асхата Смаилова. В нее входит создание питомников, посадка саженцев и сеянцев хвойных деревьев. Благодаря этому образуется наш собственный зеленый фонд, который поможет улучшить экологическую обстановку и создаст эстетически привлекательный внешний вид населенных пунктов.
По информации, предоставленной главой коммунального хозяйства нашего района Рахатом Жакуповым, в этом году в район было завезено 6500 саженцев пихты, 40 тысяч сеянцев елей, 2000 саженцев 1-1,5-метровых елей и 2000 саженцев сибирской ели. Планируется привезти еще 700 саженцев 1-1,5-метровой ели, 600 сеянцев ели.
Под руководством коммунального хозяйства и акимов сельских округов они завозятся из КГУ «Черемшанское лесное хозяйство» и РГУ «Катон-Карагайский государственный национальный природный парк». К работе были привлечены десять человек и задействовано шесть единиц техники. Это два грузовых и один легковой автомобили; а также автомобиль марки КамАЗ, принадлежащий коммунальному хозяйству, ГАЗ-69 ветеринарной инспекции района и транспорт Центра оказания специальных социальных услуг - ГАЗель.
Жерлесіміз Данияр Қайсанов еркін күрестен Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы.
Азия чемпионатында 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен көкпектілік балуан Данияр Қайсанов қарсылас шақ келтірмей, құрлықтық жарыстың алтын жүлдесін олжалады. Жарыс жолындағы барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан Данияр финалдық белдесуде үнді балуанымен күресті. Моңғолия өкілі Отгонбаяр Батсуриді 8:1, Өзбекстан балуаны Артем Присяжнюкты 12:0 есебімен жеңген қазақ балуаны финалда 5:0 есебімен үндістандық Амит Кумардан басым түсті.
Жерлесіміз 2018 жылы Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Азия біріншілігінде де жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. Сол додада Данияр қола медаль жеңіп алған еді. Былтырғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізгенін де білеміз. Енді, міне, Азия құрлығының алтын жүлдесін алды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.