Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
18 ноября в офисе «Ашық әкімдік» в здании районной администрации прошел очередной брифинг акимов сельских округов. На этот раз аким Улкенбокенского сельского округа Нурлан Назарханов встретился с представителями СМИ. Во время прямого эфира на информационном портале «Tolagainews» был представлен отчет о состоянии социально-экономического развития сельского округа и даны ответы на актуальные вопросы.
"Өңірлерді дамыту 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауылдық аумақтарды абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Қайыңды халқын мазалаған жаңа көпір салу жұмыстары сәтті аяқталып, тұрғындарға қуаныш сыйлады.
Қайыңды ауылын екіге бөліп ағып жатқан өзенге жаңа көпір салынып, пайдалануға берілді. Көпір салу бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының түйткілді мәселесіне айналған еді. 50 жыл бұрын қаланған көпір аласа болып, мұз қата берген соң, 1980 жылдары қайта бетон құйып, биіктетіп жөндеген. Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін көпірдің материалдары шіріп кеткен. Тіпті, көліктер өте алмайтындай күйге түскен. Соңғы бірнеше жылда ауыл тұрғындарынан «ауылға көпір керек» деген ұсыныс жиі айтылды.
Толығырақ...
11 қараша күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Журналистермен кездесуде округ әкімі Самар ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасап, болашақ жоспарларымен таныстырды.
- Самар ауылдық округінің аумағы 103640 га құрайды. Округ бойынша тұрғындар саны - 6837 адам. Экономикалық белсенді халық құрамы - 3520 адам. Жергілікті қауымдастық округте өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысады, округтің мәселелерін шешеді және өздерінің кеңестерін береді. Округте барлығы 53 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бар. Олар 48 шаруа қожалықтары және 5 ЖШС ауыл шаруашылық құрылымдары.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.