Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
20 қаңтар күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті брифинг өтті. Бұл жолы Аққала ауылдық округ әкімі Берікбол Чакербекұлы Мукушев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Округ әкімі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы баяндама жасап, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аққала ауылдық округі аудан орталығының шығысында 50 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Округте үлкенді-кішілі 4 ауыл бар. Олар: Аққала, Жаңажол, Қараөткел, Қойтас ауылдары. Округ орталығы - Аққала ауылы. Осы елді мекендерде 302 аула бар. Бүгінгі күні 1127 адам тұрады, экономикалық белсенді халық саны - 583. Негізінен округ тұрғындары мал шаруашылығымен шұғылданады. Жалпы округ бойынша биылғы жылға 45 шаруа қожалығы, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.

Продолжаются встречи сотрудников информационно-просветительского персонала Управления Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции при департаменте Восточно-Казахстанской области с населением. В частности, 20 января с особым визитом в Кокпектинском районе побывала руководитель информационно-просветительского штаба Есимбекова Арайлым Керимбековна, которая провела встречи с сотрудниками пожарной охраны и активистами района.
Сначала руководитель штаба провела встречу с личным составом пожарной службы. В ходе встречи с коллективом была дана информация и разъяснения по антикоррупционной политике страны, созданию новой системы государственных органов, основанной на открытости, прозрачности, формировании антикоррупционной культуры, а затем были даны ответы на вопросы участников мероприятия.

Жерлесіміз «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Нұрғалиева «АруАна» бизнесте танылу сыйлығының жеңімпазы атанды. Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында тағайындалған республикалық сыйлық Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірінші рет беріліп отыр. Жеңімпазға диплом мен мүсіншіні «Атамекен» ҚР ҰКП іскер әйелдер кеңесінің ШҚО бойынша төрайымы Елена Березинская-Абилова, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева табыстады.
20 жылдан бері Көкпекті ауданында жұмыс істеп келе жатқан «Көкпекті жолдары» ЖШС әрбір аудан тұрғынына жақсы таныс. Көкпектіліктер ерекше қадірлейтін, құрметпен еске алатын ел ағасы Құдайберген Нұрғалиев іргетасын қалаған кәсіпорын табысты жұмыс істеумен қатар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Жол салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бағытында маманданған «Көкпекті жолдарының» арнайы техникасы қысы-жазы бір тынбай аудан жолдарын қардан тазалап, жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Әке жолын жалғап, кәсіпорынның қызмет көрсету аясын кеңейткен Гүлназ Құдайбергенқызы 10 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорынға шебер басшылық етуде.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.