Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Қыркүйек айының 12-і жұлдызы ауылымызда күздің алғашқы жәрмеңкесі болып өтті. Дәстүрге айналған жәрмеңке өткен сенбі күні әуенге толы «Ұлы Дала Елі» алаңында ұйымдастырылды. Көптен күткен ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесіне жиналған халық қарасы қалың болды.
Сауда шарасына ауданымыздың барлық ауылдық округтері - Теректі, Тассай, Шұғылбай, Биғаш, Көкжайық, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Көкпекті және Қ.Аухадиев ауылдары қатысты.
Жәрмеңкеге аудан әкімі Серікқазы Садуақасов арнайы барып, сатылымдағы өнімдердің бағасымен танысты. Сатушылармен сауда жайлы әңгімелесті.
Кәсіпкерлік және туризм бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, сатылған ірі қара етінің жалпы көлемі 2,7 тонна, жылқы еті - 400 кг, қой еті - 650 кг, балық - 450 кг, бал - 950 кг, сүт - 460 л, картоп - 4 тонна, қырыққабат- 3,5 т, сәбіз - 1,8 т, бұрыш - 653 кг, пияз - 9 т, қызанақ - 1 т, тартылған балық -270 кг, сары май-50 кг, 3100 жұмыртқа, қаймақ - 40 л, құрт - 53 кг, ірімшік - 20 кг.
Үлгілімалшы ауылдық округі тауарлардың кең түрін ұсынды. Олар сары май, картоп, сондай-ақ қой мен сиыр етін сатты. Сонымен қатар, жәрмеңке кезінде Үлгілімалшы тұрғындары сиыр етіне жеңілдік жасап, оны келісін 1700 теңгеден сатты.
Осень – пора сбора щедрого урожая, согретого летним теплом и лучами жаркого солнца. Из-за чего это время и называют «золотым». Осень – время подведения итогов кропотливой работы крестьян, которая является источником хлеба насущного.
Все лето земледельцы трудились на полях от зари до зари, и только в осеннюю пору они увидят результаты своего труда. В первую очередь с полей убираются зерновые культуры. Крестьяне стараются эффективно использовать каждую минуту светового дня, чтобы без потерь до единого зернышка собрать урожай.
По информации, предоставленной отделом сельского хозяйства, уборочная площадь зерновых и зернобобовых по Кокпектинскому району составила 93 тыс га, масличных культур - 58,9 тыс га, 320 га картофеля, 120 га овощей и 23 га бахчи.
14 қыркүйек күні аудан әкімі Серікқазы Садуақасов жұмыс сапарымен Қарамойыл және Мамай ауылдарына барды. Мал бағып, егін егіп, шаруасын домалатып отырған берекелі ауылдардың тіршілігімен танысып, болашаққа жос-парлар жасады.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.