Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Кемербаева Раушан Алпысбекқызы, Көкпекті аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаттық фракцияның жетекшісі:
Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Референдум Ата заңымыздағы реформаларға байланыс-ты өткізілмек. «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатын саяси жүйенің мынадай формуласын айқындап берді: «мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».
Конституцияға Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі өзгерістер енгізу мен жаңа бастамаларды іске асыру еліміздің қарқынды дамуына оң ықпал етеді. Бұл ретте халықтың осы процеске белсенді қатысуға тамаша мүмкіндігі бар.
Сіздерді жаздың алғашқы күндерімен қатар келетін тамаша мерекелердің бірі Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл - өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы.
Биылғы 2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Президент өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті 2022 жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», - деді. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың болашағына баса мән бере келе жастарға зор үміт артатынын айтады.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға құт-береке татулық тілейміз. Үлкендер жағы тек дәл бұл күні ғана емес, жыл он екі ай бүлдіршіндеріміздің қорғаны болып, балалық шақтарын қуаныш пен бақытқа толтырудан шаршамасын. Ал балаларға тілеріміз әрқашан үлкендерді, ата-аналарыңды сыйлап, өздеріңнің тәтті қылықтарыңмен қуантып, еліміздің мақтан тұтатын азаматтары болып өсіңдер.
Мереке құтты болсын!
Раджан Сейтқанов, аудан әкімі
Талғат Сарманов, маслихат хатшысы
Жалпыхалықтық референдум өтетін күн жақындаған сайын оның маңызы мен мақсатын түсіндіру бағытындағы жұмыстар да қыза түсті. 26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының фракция мүшесі Ерлан Саиров жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келіп, халықпен кездесті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге аудан әкімі Раджан Сейтқанов, құрметті ақсақалдар, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, жас мамандар, ауданда құрылған референдум бойынша арнайы түсіндіру тобының мүшелері, тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар және Конституцияға өзгерістер енгізуге бағытталған бүкілхалықтық референдум өткізу мәселесі талқыланды. Бұл жолғы жиын өте қызу және мазмұнды өтті.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.