Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
20 шілде күні Көкпекті ауданына белгілі меценат, атақты жерлесіміз Айдын Рахимбаев жіберген 10 оттегі аппараты мен 11 миллионның дәрі-дәрмегі жеткізілді. Қиын-қыстау кезеңде туған елімен бірге екенін ісімен көрсетіп отырған жомарт жүректі жерлесіміздің өкілі Марат Корпеканов Көкпекті және Самар ауылдарына аталған көмекті жеткізіп, аурухана қызметкерлеріне тапсырды.
Аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Асхат Смаилов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық маслихат хатшысы, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиында мемлекеттік Әнұраннан кейін сөз алған аудан әкімі «мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесінің маңыздылығына тоқталып, әріптестерін құттықтады.
Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолда-нылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызы кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса, косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар, көптеген аурулардан емдік зат болып табылады. Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер, ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.
Айтуға жеңіл болғанымен, кішкентай үйшіктердегі аралармен айналысып, олардан бал алу ұзақ уақыттық еңбекті қажет етеді. Осы саланың еңбеккерлерін омарташы деп атайды. Солардың бірі «Фацелия» қожалығының басшысы Александр Матвеевич Шаров.
Аталған шаруашылық біршама жылдар бойы еңбек етіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол шағын омартадан 800 гектар жерді алып жатқан 200 омартасы бар үлкен фермаға айналып үлгерген. Бұнда тек сапалы бал алу ғана емес, осы жердің табиғатына бейімделген араларды өсіру жұмыстары да атқарылады. 2010 жылдың қараша айында «Фацелия» қожалығы асыл тұқымды щаруашылық мәртебесіне ие болды. Облыстық және республикалық сауда жәрмеңкелерінің, сондай-ақ, Халықаралық омарташылар фестивалінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Нақтырақ айта кетер болсақ, Александр Матвеевич 2013 жылы Халықаралық омарташылар фестивалінде алтын төсбелгімен марапатталған. Сонымен қоса, балдың сапасы бойынша 3 орын иеленді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.