Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

26 тамыз күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өткен ауданымыздың педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. Мәртебелі мамандық иелерін арнайы құттықтауға аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы, маслихат хатшысы Талғат Манафұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, «AMANAT» партиясының жауапты хатшысы Раушан Алпысбекқызы, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері арнайы келді. Педагогтердің басқосуына Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшылығы, әдіскерлер, мектеп директорлары мен мұғалімдері, балабақша меңгерушілері және әдіскерлері, тәрбиешілер қатысты.
Толығырақ...«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 2009 жылдан бері іске асырылып келеді.
2020 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бо-йынша 127 177,1мың теңге қаржы игерілді, соның ішінде тұрғын үй сатып алу үшін 33 жас маманға 119 867,0 мың теңге бюджеттік несие берілді, 27жас маманға 7 310,1 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
2021 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 48 жас маманға 14 001,6 мың теңге төленді.
Тағы бір оқу жылы ойдағыдай тәмамдалды. Өткен аптада аудандағы білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, 218 оқушы мектеп бітірді. Олардың «Алтын белгіге» үміткері – 26, ҰБТ-ға қатысатыны – 154.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.