Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» - деп, Абай атамыз өсиет еткендей, жуырда ауданымызға келген ғалым Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлымен кездесудің сәті түсті. Республикамызға танымал ғалымды қысқаша таныстыра кету үшін, өмірі мен қызметі жайлы қысқаша мағлұмат бере кетуді жөн көрдік.
Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінің меңгерушісі. Аягөз ауданының құрметті азаматы. "Абай", "М.Әуезов" энциклопедияларының, "ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары", "ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті", "ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" ұжымдық монографиялардың, он томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" жауапты шығарушыларының бірі. Төрт томдық "Қазақ ССР-і" қысқаша энциклопедиясы, "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Ақмола, Түркістан, Қазақ әдебиеті, Қазақ өнері, Қазақ мәдениеті энциклопедияларының белді авторларының бірі. Жүз томдық "Бабалар сөзі" сериясының 56-60 - томдарының жауапты редакторы, 20 томдық "Әдеби жәдігерлер" сериясының жауапты редакторы. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы Әдебиет редакциясының кеңесшісі. "Мәдени мұра" Ұлттық стратегиялық жобасы фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясы төрағасының орынбасары. 2010 жылы орыс тілінде басылып шығарылған 12 жылдық білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған
Толығырақ...Аптап ыстық жаз айларында жиі бой көрсететін дала өрті билік органдарын ғана емес, тұрғындарды да әбігерге салады. «Өрт – тілсіз жау» деп үнемі айтқанымызбен, көпшілік оның зардабын, болдырмау маңыздылығын толық ұғына бермейді. Тілсіз жаудың шабындық, жайылым жерлер мен орман-тоғайды отқа орап, табиғат келбетіне де нұқсан келтіретіні анық. Оған қалай тосқауыл қоя аламыз? Шілде айындағы күннің қатты ысуы бүгінде осы бір өзекті мәселені туындатып отыр. Айтып келмейтін апаттың алдын алуда ауданда не жасалуда, жүзеге асқан шаралар қандай? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Өткен жылы ауданда 21 дала өрті тіркелген екен. Оның ішінде бірнеше мәрте қайталанған округтер баршылық. Аудан аумағында дала өрті биылғы жылы сәуір айынан бастап тіркеле бастады. Ғарыштық мониторинг хабарламасы бойынша осы күнге дейін 5 дала өрті орын алған. Палатцы, Самар, Биғаш, Үлгілімалшы округтерінің аумағында жалпы 115 гектар жер өрт құшағында қалды.
Толығырақ...
- Көкпектіде тұрғындардан сүт қабылдау бекеті ашылғанын естігенде қуанышымыз бір тасыған еді. Енді міне, асырап отырған сауын сиырдың сүтін қолма-қол ақшаға өткізіп, тағы бір марқайып жатырмыз. Ауылда тұрған соң мал ұстайды көпшілік. Сол ірі қараның өнімін өткізу мәселесі өзекті. Өнімге сұраныс арта түсетінін ескеріп, болашақта мал басын көбейтуді ойланып жүрмін. Күн сайын сауылған сүтті қолма-қол ақшаға қабылдап жатқаны игілік. Біз үшін, ауыл тұрғындары үшін жасалған жақсылық, - дейді сүт қабылдау бекетінде кезіккен жерлесіміз Елдар Серікқалиев.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.