Тассай ауылдық округінде бүгінгі күні 21 шаруақожалығы тіркелген. Жылдан жылға өсіріп жатқан мал бастарының саны өсіп, еңбектері еселеніп келеді.
Солардың бірі, іргесін 2013 жылы қалаған «Дарын» шаруақожалығы. Қожалық басшысы ауылымыздың бел баласы Қанат Тілебалдин. Шаруашылық ауылдан 8 шақырым жердегі Шұбарши аумағында орналасқан. Ұйымда 304 бас ірі қара мал, 62 бас жылқы бар.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бас-тап шаруашылық 135 басқа арналған мал бордақылау алаңын және ет қоймасы мен малшыға арналған үй салып жатыр. Бүгінде құрылыс қарқынды жүріп жатқанын айта кет-кеніміз жөн. Шаруашылық басшысы мал ша-руашылығына жауапты азамат, техниканың тілін жете меңгерген М.Мұхаметқалиев және басқа жұмысшыларымен аяқталу мерзімі қазан айына жоспарлап отыр. «Малымыздың бір бөлігін бордақы алаңына қойсақ сол арқылы өндіріс тиімділігін арттырсақ деген мақсатым бар. Қазіргі таңда малды бордақылап сату тиімді» дейді шаруашылық барысын жақсы түсінетін Қ.Тілебалдин. Сонымен қатар, Қанат ауылымызда өтетін мәдени іс шаралардың басы-қасында болып, үнемі демеушілік көрсетіп жүреді. Осындай азаматтар барда, ауыл мерейі қашанда үстем болмақ!
Мемлекеттік қызметкер қызметтің қай сатысында отырмасын, ең алдымен, ол өзінің халықтың қызметшісі екендігін ұғынуы тиіс. Мемлекет басшысы біздің ұранымызды: «Біздің міндет – халыққа қызмет» деп анықтады. Иә, алдына келген тұлғаның өтінішін қанағаттандырудың заңды әрі ең тиімді жолын табу, өз міндеттерін адал атқару, халықтың игілігіне жұмыс істеу мемлекеттік қызметкердің ең негізгі міндеті екені айқын.
Толығырақ...Ауылдың сыртқы көркі – оның айнасы. Осы сөздердің байыбына бара білген Үлгілімалшы ауылындағы Ленин атындағы көшеге жарық-тандыру шамдары құрылып, ауылдық округ әкімі М.Смағұловтың бастауымен Көкжал Ба-рақ және Ленин көшелерінің жолдарына те-гістеу жұмыстары жүргізілді. Осындай игі іске ауылдың шаруақожалық иелерімен бірге ауыл тұрғындары да бір кісідей атсалысты. Көше бойындағы шөптерді шабу жұмыстарын да ауылдастар бірге еңсеріп тастады. Ауылдық округке қарасты Үлгілімалшы, Нұра, Мамай ауылының тұрғындары ауыл маңындағы Талапкер өзенінің суын бөгеу мақсатындағы алдын алу шараларын жүргізді. Сонымен қатар, әкімшілік ғимаратының алдын көріктендіруді де назардан тыс қалдырмады. Сүлеймен ауы-лы тұрғындарының демеушілігімен бұрынғы мектеп ғимаратының ішіне пеш салынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еңбекқор үлгілімалшылықтар әр апта сайын сенбіліктер өткізуді де ұмытпайды.
Қазіргі таңда футбол ауданымызда жоғары танымалдылыққа ие болып келеді. Бұл сөзіміздің шындығына аталмыш ойынды көкжәшіктен тамашалап, жанкүйер болып отыратын аға буын ғана емес, күн сайын ойын алаңының шаңын шығарып, ала допты аспанға атып жүрген жастар да дәлел бола алады.
Толығырақ...Астана күніне арналған салтанатты мерекелік шараның шымылдығы ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлының ізгі ниетпен жолдаған құттықтауымен түрілді.
Сөз алған «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Т.Бапабаев, ауыл имамы, аузы дуалы ақсақал Әлімқан пірадар мен Көкпекті ауданының құрметті азаматы, ауылдың қадірлі қариясы Қуан Түсіпбеков сынды жақсылар алқалы ағайынға ақжарма тілектерін айтып, мерекеге береке тілесті.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.