Көкжайық ауылы – ауданымыздың тірек елді мекендерінің бірі. Оның дамуы «Елім-ай Көкпекті» инвестициялық жобасын жүзеге асырудан басталды. Үлгілі ауыл құру ісі жаңа бастама болғандықтан қиындықтар да жеткілікті болатын. Алғашқы кезеңде тұрғын халықтың үйреншікті болып кеткен әдеттерін, өмір салтын, ойы мен көзқарастарын түбегейлі өзгертуге тура келді. Әйтсе де, бірлесе күш жұмсаудың нәтижесінде бүгінгі күні бұл ауылды шынында да тірек елді мекен деуге болады.
Міне, мол өнімімен қуантып күз де келді. Егін орылып, бау-бақша өнімі жиналып, ауыл тұрғындары қыс қамын жасап жатыр. Бірақ, бәрінде бірдей бақша бола бермейді, бар болса онда көкөніс өсіруге шамасы келмейтіндер де бар. Күзгі жәрмеңкенің пайдасы осындайда аса қажет. Жылдағы дәстүр бойынша ауданда әр сенбі сайын ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта оралды.
Өткен сенбі күні Самар ауылының орталығында биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі қанат жайды. Ауыл тұрғындары өздерінің артық өнімдерін базарға ұсынды. Біздің өңірде бақша салуды кәсіп ететін кәсіпкерлер де баршылық. О.Ким, Л.Ким, Тұрсын Мұса, М.Зүлфиев әкелген картоп, сәбіз, қызанақ, қауын-қарбыз, пиязды тұтынушылар арзан бағамен лезде сатып алды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өзінің еңбек жолын бастағандардың бірі Ержан Уалиев. Осыдан 3 жыл бұрын «тәуекел» деп «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысып, өз ісін ашуға жеңілдікпен берілетін несие бо-йынша 3 млн. теңге алады.
Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша еңбек етемін деген әрбір адамға барша жағдай жасалған. Жеке шаруашылық ашып, сол арқылы өзінің ісін алға бастырумен қатар, еліміздің гүлденуіне де өз еңбек үлесін қосып жатқан азаматтар баршылық. Со-лардың қатарында Үлкен-бөкен ауылының тұрғыны Ержан Увалиев.
Құрылыс материалдары қашан-да сұранысқа ие. Сондықтан үл-кенбөкендік Әнуар Үмітбаев өзінің қолынан келетін кәсіпті нәсіп етіп, кірпіш өндіру ісін қолға алып отыр. Үй ауласындағы жерді өндіріс алаңы етіп, бүгінгі таңда онда қарқынды жұмыс жүргізуде. Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыссыздар қатарында болған Әнуар осыдан үш жыл бұрын өз қаражатына кірпіш, брусчатка құю құралдарын алып жұмыс жүргізуде.
Мінезі тұйық, сөзге сараң Әнуарбек өзінің жоспарлы әрекеттерін ашық айтпаса да, оның осы жылдың ішінде осынша істі қатар алып жүруге ұмтылуы, біріншіден, қолынан келетін іс арқылы өз қабілетін көрсету болса, екіншіден, отбасылық табыс пен жұмыстың ұдайы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсаты аңғарылады. Кәсіпкердің қарамағында бүгінгі таңда 4 адам еңбек етеді.
Жайдары жаздың үш айын қызықты да мазмұнды өт-кізіп, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін барша қазақстандық оқушылар алтын ұя мектептеріне қайта оралып, жаңа оқу жылына қадам басты. Міне, осынау алғашқы қоңырау салтанаты аудан көлемінде де ерекше аталып өтті. Бұл орайда, біз аудан орталығындағы іргелі екі оқу орны Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептерінің үлкен дайындықпен қарсы алғандығына куә болдық. Мерейлі мерекені паш еткендей, ертеңгілік білім ордасының ауласы безендіріліп, мектеп, ұстаздар туралы сазды әуендер ойналып тұрды. Қолдарына ұстаздарға арналған гүл шоқтары мен түрлі шарларды ұстаған оқушылар мектеп ауласына жиналды.
Оқушылардың ала жаздай асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек Білім күні мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жалпы аудан бойынша 2016-2017 жаңа оқу жылында 4065 оқушылар білім нәрімен сусындамақ. Оның ішінде 435 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, партаға отырғандар.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.