Бүгін ауыл тірлігін тіптен ерте бастап кетті. Күн шығардағы шыңылтырды суықты елемей алма бетінің ұшын аяз сорып қызартса да қыңқ етпей мерекелік күйге еніп қарбаласып кеткен қауымның қағанағы қарқ. Өйткені, бүгін Тұңғыш Президентіміз жалпы Қазақ елінің тумысында тұңғыш рет президент деген сөзді иеленген күні желтоқсан айының бірінші жұлдызы. Қан мен термен келген азаттықтың аясында пайда болған қастерлі күн болатын.
Толығырақ...Жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып, биыл да ауылшаруашылық қызметкерлері күні қарсаңында ауданның агроқұрылым басшылары, астық жинауда биік белестерден көріне білген майталман жұмысшылар қатысқан үлкен мерекелік кеш өтті.
Ауыл шаруашылығы саласында ауданда көптеген жеке қожалықтар ашылып, бүгінде олардың барлығы да өз ісін алға жылжытып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ауылшаруашылық қызметкерлері назардан тыс қалған емес. Елбасының жарлығымен жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілді. Осыған орай, Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімі Р.Н.Сағандықов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, ауыл шаруашылық қызметкерлері мен жеке қожалық басшылары қатысты.
Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және жастар орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйін-де патриоттық флешмоб байқауы өтті. Аталмыш іс-шара аудан көлемінде дәстүрлі түрде екінші рет өткізілуде.
Тассай
Төрт түлікті тірлігіне арқау еткен Тассайлықтар қыстың қамын жаз ойлап пішенін маялап қорасын жайлап, ашасын сайлап алған. Көл жағасын мекен еткен дырдуы мол, әмияны қалың балықшы ауылына көмір керуені де толассыз келіп жатады. Аулымыздағы жағымды бір жаңалық округ әкімі Ержан Құдайбердіұлының іскерлігімен Омск- Майқапшағай тас жолының Тассай елді мекеніне бұрылатын жол айрығына «Тассай ауылын» айшықтайтын айдарлы белгі «арка» қойылып, ауылдың дәл ортасынан шағын футбол алаңы салынды.
Толығырақ...Өткен аптада ауданның бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен Белое ауылындағы Октябрь мектеп-бала-бақша кешенінің оқушыларымен кездесіп, тағы-лымды әңгіме өрбітті. Өскелең ұрпақты иман-дылыққа баулыған келелі кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев қатысты. Кездесу мақсаты жасөспірімдерге дін туралы жан-жақты түсінік беру, оларды діни түрлі жат ағымдардан сақтандыру.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.