Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның сейсенбісі күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындары Самар өңірі көркемөнер-паздарының күшімен дайындалған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бұл - Алаш қозғалысының 100 жылдығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтуге орай, Көкпекті ауданы ауылдық округтері арасында ұйымдастырылған «Қазақстанның көк туы желбірей берсін» атты көркемөнерпаздар байқауының жалғасы.

Толығырақ...

2017 жылдың 6 сәуірінде Шұғылбай ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Көкпекті ауданы ауылдық округтер арасында ұйымдастырылған "Қазақстанның көк туы желбірей берсін" атты көркемөнерпаздар байқауы Теректі мен Шұғылбай ауылдық округтері арасында өтті.

Толығырақ...

Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінде судың көп мөлшерде ағу салдарынан Кленжыра участогінде жолдың бір бөлігін су ша-йып кеткен. Аудан аралығымен қатынасатын жолды қайтадан қалыпқа келтіруге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылымыздың шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлері соның ішінде Ибрагимов Жанат СПК «Ағайынды» ШҚ, Тлебалдин Қанат «Дарын» ШҚ басшысы, Азимбаев Болатқан «Самық» ШҚ, Мұқанов Қайрат «Бекзат» ШҚ, Абикенов Құдайберген «Раушан» ШҚ, Маутбеков Архат «Табыс» ШҚ басшылары төтенше жағдайдың алдын алу бойынша келісілген келісімшарт талаптарын орындауда белсенділік танытып, көмек қолдарын созды. Осы жұмысқа мектеп ұстаздары, ауыл тұрғындары да келіп өздерінің көмектерін көрсетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бір күнде өткел жол жасалып, жол азабы жеңілдеді.

Мағжан Жадрин,
жетекші маман

Наурыз – шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы, күн мен түн теңеліп, қыс ызғары кетіп, көктем келеді. Қазақ елі Ұлыс күнін әрқашан қасиетті, киелі санаған.
Осы наурыз мерекесіне орай Жаңа жол бастауыш шағын комплектілі мектебінде «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Бұл мерекеге барлық бала атсалысты. Кез келген той шашу шашудан басталады ғой. Ертеңгілігімізге әже келіп, ақ тілегін айтып, шашуын шашып, мерекелік концерт басталды. Камила Майтжанова, Томирис Низамиева, Даяна Құрманғалиева, Гүлім Солтанғазина, Жансая Тоқтавбаева «Қыз Жібек» биін шебер орындап, көрерменді тамсандырды. Ал ұлдар тобы Рамазан Ринатоллаев, Сабыржан Алибеков, Саян Тоқтавбаев, Бекжан Әлібеков орындаған «Бозжорға» биі келген қонақтар қошеметіне ие болды. Біздің мектептің оқушылары сегіз қырлы, бір сырлы.
Ең соңында ақ түйені жетектеп Қыдыр ата мен Наурыз гүл келіп тілектерін айтып, Қыдыр ата батасын берді. Бұл мереке біз үшін есте қаларлықтай қызықты өтті.

Камила Майтжанова,
4 сынып оқушысы

Күн жылынғаннан бастап, Көкпекті ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Қазір облыстағы барлық аудандар осы бағыттағы шаруаларға айрықша назар аударуда. Жыл сайын көктемгі су тасқынына қарсы шаралар уақытында қолға алынады. Биыл да ауданда арнайы штаб құрылып, су алып кету қаупі бар аймақтарға баса назар аударылып отыр. Округтер бойынша төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстары төмендегідей.

КӨКПЕКТІ. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін 250 қапқа құм толтырылды. Ауылдық округ әкімімен көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылық құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдармен 25 келісімшарт жасалды. Көкпекті ауылының су жинағыш тоғаны транзиттік жағдайда жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні округте ауа райы бірқалыпты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз