Миролюбовка ауылындағы «Карина» тұрмыс-тық қызмет көрсету орталығы үшінші жыл жұмыс істейді. Осында кез келген бұйымға тапсырыс беруге және көне заттарды қайта жөндеуге болады.
Сіздердің тапсырыстарыңызды үлкен сүйіс-пеншілікпен және кәсібилікпен тігінші-шеберлер Анна Жулина және Евдокия Винтер орындайды. Сондай-ақ, тігіншілер жұмыс формаларын тапсырыс берушінің қалауына сай тігіп береді. Евдокия Андриановна – үлкен еңбек өтілі бар тігінші.
Көкпекті ауылының орталығы биылғы жылы көз алдымызда келбеттене түсуде. «Жәрдем» және «Дильназ» дүкендерінің алдындағы алаңда автотұрақ құрылысын жасау жұмыстары тез арада жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұл игі істі мықты техникалардың күшімен сапалы әрі жылдам орындаған «Көкпекті жолдары» ЖШС-ның басшысы Г.Нұрғалиеваға және ұжым жұмысшыларына Көкпекті ауданының автокөлік жүргізушілері дән риза.
Тамыз айының алғашқы жексенбісінде елімізде көлік саласының қызметкерлері күні аталып өтіледі. Елмен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласының маңызы зор. Осы салада ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлер төл мерекелерінде марапат төрінен көрінді. 6 тамыз күні Көкпекті ауылдық округінің әкімі Ерлан Ниязбаев кәсіби мереке иелерін құттықтап, аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың атынан Алғыс хаттарын табыстады.
Қазіргі кезде әр адам өзі қалаған шаруашылықпен айналысып, жеке кәсібін аша алады. Мақсаты, әрине, кәсібінен адал нәсіп алу ғана емес, айналаға аз болса да пайда тигізу болып табылады. Ал, ол үшін адамға бар болғаны ниет пен бірбеткейлік, еңбекке деген құлшыныс қажет. Ойдағы ісіңізді бастауға қажетті қаражатыңыз болса, кәсібіңізді дәл қазір бастасаңыз да сізге ешкім кедергі бола алмайды.
Тассай округінде де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Дидар» газетінің арнайы шығарылымы таратылуда. Медициналық сақтандыру жүйесі – бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырып болғандықтан, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған арнайы шығарылымнан халық өздерін толғандырған көп сұрақтардың жауабына қаныққаны анық.
М.Жадрин, жетекші маман
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.