Тассай ауылының тұрғындары 6 мамыр күні ауыл орта-сындағы ескерткіш тақта орнатылған баққа ағыла бастады. Кеудесінде орден, медальдары бар тыл ардагерлері, көп балалы «Ардақты ана», жаңа отау құрған жас отбасы, оқушылар мен ұстаздар қауымы, ауылдық мешіт имамы, яғни барша қауымның жиналу себебі де түсінікті. Бұл күні «Нұр Отан» бас-тауыш партия ұйымы, ардагерлер мен партия мүшелерінің, «Жас Отан» жастар қанаты қатысуымен, жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып жоспарлы түрде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы бойынша тыл ардагерлерімен кездесу жоспарланған.
Толығырақ...БАСТАУШЫ
Бастаушы ауылдық округі бойынша Ұлы Жеңістің 71 жылдығы клуб үйінің жанындағы ардагерлерге арналған обелиск жанында өтті. Митинг Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, 1 минут үнсіздік жарияланды.
Соғыс кезеңінен көрініс көрсетіліп 5 машина безендірілді, бейбіт өмірді насихаттайтын автокөлікте ауыл әжелері отырса, жастар соғыс басталған кезеңнен үзіндіні бейнеледі, тылдағы ерен еңбектің үлгісін мектептің жас ұстаз-дары образға беріліп көрсете білді, соғыстың аяқталып, Жеңіс туының тігілгенін мектеп оқушылары сомдады.
71-ші көктем. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тағы бір көктемі. Мамырдың әлі де ызғары кете қоймаған осынау шағында бүкіл әлем фашистік Германияны жеңгені туралы шартарапқа жар салды. Содан бері қаншама жауынгер өзінің ұрпағының тәтті түсі бұзылмасын деп ұстаған қаруын күрекке алмастырып, жарқын болашақты құрды. Ал осы көктемге жеткені өте аз. Бүгінгі ұрпақ осы мерекелі көктемге жете алмаған аталары мен әкелерінің суретін алып, «Мәңгілік полк» сапында шеруге шықты. Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға сап түзеп келген «Мәңгілік полкті» жұртшылық тік тұрып қарсы алды. Өзі де бүгін қария болған әжелер мен аталар әкелерінің бейнесін бала күннен бір көруге зар болған, сонау шақтарынан тұнып жатқан сағыныштарын сарғайған суретке мейірлене қарап басатындай. «Мәңгілік полк» сапында А.Чебаев, И.Федосов, У.Камалиев, Ә.Уайысов, Қ.Мәмбетов, Ш.Оқасов, Ш.Оразаев, И.Васильев, С.Лошкарев және басқа да алпыстан астам адамның суреті бар, ал асыл бейнеден суреті де сақталмаған қаншама адам жай ғана әкелері мен аталарының орнында осы саптан орын алған.
Толығырақ...
Мамырдың мамыражай күнінің алғашқы хабаршысындай достықтың, татулық пен ынтымақтың мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күні келіп жетті. Самар ауылындағы орталық алаңға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарының жүздері жарқын. Самал желмен шайқалған көктемнің көгі шалқыған әуен ырғағымен тербе-тіліп тұрғандай.
Көкпекті ауданынына қарасты Үлгі-лімалшы ауылына бара қалсаңыз нағыз ауылдың кейпін көресіз. Бұлай деуіміздің себебі, кеш қайта өрістен қайтқан малдың маңырағаны, ошақтан шыққан тезектің иісі, ойын қызығында жүрген балалардың дауысы ауылдың кескін келбетін айқындап беретіндей. Ауыл – қазақтың негізгі күре тамыры. Ұлт руханиятының ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр мен мәдениеттің мол қоры осы ауылдарымызда сақталып келеді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.