Бұл аудандағы ірі инновациялық-индустриалдық жобаның жүзеге асырушы «Кузьмич» ЖШС-ның басшысы Владислав Владимирович Гриценконың ұстанымы. «Біз бала кезімізден Күршімде балық аулап, әкеміздің қасында жүріп, балықшылықтың қыр-сырын үйрендік. Кейін жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде:осы біз Ертістің балығын ұстаймыз, ол жылдан-жылға азая береді, оны неге көбейтуді ойламаймыз деген ой келді. Экономист мамандығы бойынша оқуды аяқтаған соң, мен осы балық өсірумен айналыстын саланы зерттей бастадым. Нәтижесінде ғылыми түрде айналысатын адамдармен жұмыс істеуге қол жеткіздім. Ал тәжірибе жинақтаған соң өзім қолға алуға кірістім», - дейді Владислав Владимирович.
Кезінде пай үлесіне тиген 3 сиыр, 55 гектар жермен шаруасын бастаған «Жолан» шаруа қожалығы бүгінде мемлекеттік бағдарламаны толығымен пайдалана отырып, істерін ілгері жылжытып қана қоймай, ауылдастарының заман талабына сай демалуына жағдай жасауды ойлайтын халге жеткен іргелі аграрлық құрылым.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында күлкі күні мерекесіне орай «Шутка – минутка, а заряжает на час» атты ертеңгілік өткізілді. Оған тәрбиешілер, қызмет алушы балалар келіп қатысты. Мерекелік ертеңгілікте Алдар-Көсе, сайқымазақ және ара сияқты ертегі кейіпкерлері балалармен ойын ойнап, көңілдерін көтерді.
Сонымен қатар, қызықты «Матрешки», «Кім епті », «Менің бейнем» (смайликтермен), «Сайқы-мазақпен би» ойындар ойнатылып, «Улыбка», «Чунга-чанга», «Мамонтенок» әндеріне қосылып караокемен ән сайысы өткізілді. Ертеңгілік өте тартымды, көңілді, қызықты болып өтті.
Мерекелік ертеңгілік аяғында балалар ара-сындағы «достық»жеңіп, балаларға сыйлық ретінде тәтті шоколадты қол баулар таратылды.
Әлеуметтік орталықтың ақпараты
Самар орталық кітапханасын-да Наурыз мерекесі апта бойы тойланды. Кітапхананың көрер-мендер залы мейрамға сай безен-дірілді. Әр шараның өту барысында слайдтар, клиптер көрсетіліп тұрды. Ж.Болғанбаев атындағы мектеп оқушыларының «Наурыз құшағында» атты (Р.Асаубаева) сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қол өнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуда. «Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні» атты шеберлік сыныбын Ж.Болғанбаев атындағы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі Б.Оралбек жүргізді. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Сән-салтанат бұйымдар, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей туралы әңгімелеп, сырғаны қалай жасайтынын бас-аяғына дейін көрсетті. Өзі жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
«Мен – қазақтың ұрпағымын» атты сайыс Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің 6-7 сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Самғау», «Бірлік» топтары қатысты. «Шебердің қолы ортақ» кезеңінде шаш сәндеу үлгісін көрсетіп, қол өнер туындыларын қорғады. «Тарих пен әдебиетке байланысты сұрақтарға жауап беру» кезеңінде сайыскерлер сұрақтарға нақты жауап берді. «Салтым менің – алтын қазынам» кезеңінде «Самғау» тобы - «Тұсау кесер», «Бірлік» тобы - «Үйлену тойынан» салт-дәстүр көрсетті. «Өнерліге өріс кең» - өнер сайысында сайыскерлер ән, би, күй, өлең оқыды. Сөз кезегі қазылар алқасына беріліп, достық жеңгенін жариялады. «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты әдеби-сазды кешке Самар саз мектебінің мұғалімі Ш.Аймұханбетова мен оқушылары қатысты. Кітапханашы домбыра туралы аңыз-әңгіме айтып, өлеңдер оқыды, Р.Рымбаеваның әні бейнеклиппен көрсетілді. Саз мектебінің оқушылары Құрманғазының «Адай», Динаның «Байжұма» күйлерін орындап берді. Бұл шараға Ж.Болғанбаев атындағы мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.
Көктемнің алғашқы қуанышы – әйелдер мерекесінің айналаны шуаққа бөлейтін айрықша қасиеті бар. Бұл күндері ардақты ана, ғазиз қарындас, адал жарды қастерлеудің қалыптасқан дәстүрі бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Осынау жарық әлемге сән беріп, айналасына шуақ шашып жүретін асыл жандардың төл мерекесі Көкпекті ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізілді. Дәлірек айтқанда, орталықтың акт залында 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай, қызмет алушы қыздардың арасында «Қыз - өмірдің гүлі» атты қыз сыны байқауы болды. Сайысқа Көкпекті, Тассай, Шұғылбай, Үлкенбөкен ауылдық округтерінен 5 жасөспірім қатысып, бақ сынасты. Бес бөлімінен тұрған сайыста ару қыздар өз өнерлерімен, білімдерімен, көріктерімен көрерменнің көзайымы болды. Сайыс өз мәресіне жетіп, әділ қазылардың әділ шешімімен 1 орынды шұғылбайлық Меруерт Ауданова, 2 орынды Үлкенбөкен ауылдық округінен келген сұлу қыз Жанаргүл Құсманова алса, 3 орын тассайлық ару Әсемгүл Мергенбаеваның еншісіне тиді.
Сонымен қатар, әлеуметтік орталықтағы шуақты мереке шаттығы 9 наурыз күні жалғасын тапты. Қоғамда әжелердің рөлін арттыру мақсатымен қызмет алушы әжелер арасында «Супер әжелер» сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның өз дәрежесінде өтуіне әлеуметтік қызметкерлер мұрындық болды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.