ВЫСОКОСКОРОСТНОЙ ИНТЕРНЕТ – РЕАЛЬНОСТЬ,            А НЕ МИФ

ВЫСОКОСКОРОСТНОЙ ИНТЕРНЕТ – РЕАЛЬНОСТЬ, А НЕ МИФ

В нашем районе в соответствии с планом начнутся работы по устранению цифрового неравенства. В...

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨКПЕКТІДЕ ӘЛЕУМЕТТІК  НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨКПЕКТІДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Өткен аптада Абай облысы мәслихатының төрағасы Байбек Шалқар Заманбекұлы Көкпектіге арнайы...

«ҚЫЗЫЛ ОРМАН»: БІР АУЫЛ. БІР ГЕКТАР. БІР САЯБАҚ

«ҚЫЗЫЛ ОРМАН»: БІР АУЫЛ. БІР ГЕКТАР. БІР САЯБАҚ

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал...

НОВЫЕ ОСТАНОВКИ В РАЙОННОМ ЦЕНТРЕ

  В районном центре устанавливаются современные автобусные остановки.

САЯХИМОВ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА АСФАЛЬТ

САЯХИМОВ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА АСФАЛЬТ

Көкпекті ауылындағы тұрғындар көптен күткен жол жөндеу жұмыстары бас-талды. Бұл - өңірдің...

  • ВЫСОКОСКОРОСТНОЙ ИНТЕРНЕТ – РЕАЛЬНОСТЬ,            А НЕ МИФ

    ВЫСОКОСКОРОСТНОЙ ИНТЕРНЕТ – РЕАЛЬНОСТЬ, А НЕ МИФ

    16.06.2025 06:19
  • МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨКПЕКТІДЕ ӘЛЕУМЕТТІК  НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

    МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨКПЕКТІДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

    16.06.2025 06:05
  • «ҚЫЗЫЛ ОРМАН»: БІР АУЫЛ. БІР ГЕКТАР. БІР САЯБАҚ

    «ҚЫЗЫЛ ОРМАН»: БІР АУЫЛ. БІР ГЕКТАР. БІР САЯБАҚ

    30.05.2025 10:21
  • НОВЫЕ ОСТАНОВКИ В РАЙОННОМ ЦЕНТРЕ

    26.05.2025 11:41
  • САЯХИМОВ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА АСФАЛЬТ

    САЯХИМОВ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА АСФАЛЬТ

    26.05.2025 11:31

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Eastern Gold» ЖШС мен «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ Абай облысының Көкпекті ауданында доре қорытпасын (алтын-күміс қорытпасы) өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстарын бастады. Зауытты іске қосу 2024 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Нәтижесінде 60 жұмыс орны ашылмақ.

15 шілде күні Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов жұмыс тобымен бірге нысанға арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Жұмыс тобының құрамында аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, мәслихат депутаты Дархан Дүйсембаев, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Байсенгіров, жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Каримов және ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев қатысты.


Зауытты жандандыру жобасының жетекшісі Максим Стрельников жұмыс барысы туралы кеңінен тарқатып айтты.
- Жоба жылына 200 мың тонна руда мен 120 келі тауарлық өнім өндіру қуатына ие «Родниковое», «Белая Горка» кен орындарында кен өндіру және өңдеуді қамтиды. Жобаның негізгі мақсаты – ішкі нарықта алтын тұтынуды арттыруға баса назар аудара отырып, Қазақстанда алтын рудаларын өндіру мен өңдеуді дамыту, - дейді білікті маман.
Зауыт доре өндіріп, өнімді одан әрі тазарту зауыттарына жібереді. Кәсіпорын жоғары қуаттылыққа жеткенде жылына шамамен 200 келіге дейін қорытпа өндіретін болады. Кешен құрамына гидрометаллургия бөлімі және жөндеу шеберханалары, қоймалар және инфрақұрылым желілері (электр желілері, жолдар, сумен жабдықтау және кәріз) сияқты қосалқы нысандар кіреді.
Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңге. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарына жергілікті тұрғындарды көптеп тарту мәселесі Көкпекті аудандық әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Зауыт іске қосылған жағдайда жергілікті және республикалық бюджетке салық түсімін ұлғайтады. Жергілікті билік пен кәсіпорын арасында Көкпекті ауданына әлеуметтік-экономикалық қолдау жасау туралы меморандум әзірленуде.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз