12 июля в городе Семей Управление ветеринарии области Абай организовало соревнования по волейболу среди ветеринарных врачей региона. В турнире приняла участие команда ветврачей нашего района «Кокпекты-Вет», которая стала победителем состязаний.
В Казахстане с текущего года 10 июля официально утверждено Днем работников ветеринарии.
Новый праздник призван подчеркнуть важность труда ветеринарных специалистов, которые вносят свой вклад в обеспечение здоровья животных и безопасности продуктов животного происхождения.
Всего в соревнованиях приняли участие 13 команд из 9 районов. Отметим, что турнир проводился третий год подряд.
По итогам состязаний команда «Кокпекты-Вет» заняла 1 место, «Аягоз-Вет» присуждено 2 место и «Республиканская ветеринарная лаборатория» удостоилась 3-го места.
Победители были награждены кубком, медалями и грамотами. Отрадно отметить, что сборная Кокпектинского района на областных соревнованиях среди работников ветеринарии ежегодно занимает призовые места.
Летние каникулы – время не только отдыха от учёбы, но и пора формирования новых умений и творческого осмысления полученных знаний. Воспитательная ценность летнего отдыха в рамках пришкольных площадок прививается через разнообразные формы – труд, грамотную физическую нагрузку, познание мира через действие, культуру и, безусловно, игру.
В Улкенбокенской средней школе был организован летний пришкольный лагерь. Пребывание здесь для каждого ребенка – время получения новых знаний, приобретения навыков и жизненного опыта. Главная цель работы площадки заключается в том, чтобы сделать это время для детей незабываемым и полезным.
Для ребят были организованы оздоровительные и развлекательные мероприятия, творческие конкурсы и мастер-классы.
К примеру, недавно здесь отметили День здоровья. Были организованы «Веселые старты», проведены игры и конкурсы. Площадку посетили 25 детей. Ежедневно по плану проходили разминки, утренники и различные конкурсы. Воспитатели проводили интересные мероприятия, расписанные на каждый день, и не жалели сил, чтобы каникулы для ребят были полны веселья и радости.
КГУ «Улкенбокенская средняя школа»
Нехватка пастбищ в стране - актуальная проблема для отрасли сельского хозяйства. В этой связи глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев дал поручение вернуть неиспользуемые пастбища в собственность государства. В данном направлении по Кокпектинскому району ведется работа по возврату неиспользуемых земель сельскохозяйственного назначения. О проводимой работе рассказал руководитель районного отдела земельных отношений Куат Алкенов.
- Территория района в административной границе составляет 909936,0 га, в том числе земель сельскохозяйственного назначения – 561027,2 га, земель населенных пунктов - 129984,0 га, земель промышленного комплекса, транспорта, связи, обороны и иных территорий сельскохозяйственного назначения - 1705,6 га, земель особо охраняемых природных территорий - 13853,3 га, водного фонда – 60285,0 га и земель запаса - 143117,0 га.
Жаз – жарқын мезгіл. Балалардың демалып, денсаулығын нығайтатын кезең. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылады, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды. Бұл тұста аудан оқушылары жыл сайын демалуға және бос уақытын пайдалану құқығын іске асыру және дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету мақсатында жаз мезгілінде «QH ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА – 2024» жобасын іске асырылады.
Биылғы жылы 9-18 шілде аралығында Үржар ауданының «Үржарайым» сауықтыру лагеріне Көкпекті ауданы бойынша 30 оқушы барды. Қазіргі уақытта 5-8 сынып оқушылары демалып жатыр.
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес, ауыл балаларына арналған «QH ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА – 2024» қоғамдық-маңызды жобасы «Қазақстан Халқына» қоғамдық әлеуметтік қорынан бөлінген жаздық жолдама бойынша сауықтыру орталықтарында демалатын балалар әртүрлі санаттар бойынша іріктеледі. Анығырақ айтсақ:
- жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
- жетім балалар мен АҚҚ балалар;
- төтенше жағдайлардан зардап шеккен балалар;
- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
- спорттағы дарынды балалар;
- шығармашылықта дарынды балалар;
- интеллектуалды дарынды балалар;
- үздік оқушылар.
Мақаншы ауданы Ақшоқы ауылында өткен ұлы аламан бәйгеде Көкпекті ауданының жүйрігі Көктұйғын топ жарды. Ұшқан құстың қанатын талдырып, тұлпардың тұяғын тоздыратын кең-байтақ еліміздің төрт қиырынан атбегілер келіп, желмен жарысқан 40-қа жуық сәйгүліктің бабы сыналған дүбірлі дода болды.
Бұл күні жарыс жолына шыққан сәйгүліктер аламанның көркін қыздырды. Құйрық-жалы төгілген кілең тұлпарлардың қолтық жазуы да жанкүйердің жан-жақтан қиқу салуымен қызықталды. Сөреден тізгін жіберген жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деген 37 сәйгүлік даланы дүбірлете 30 шақырымға бауыр жаза көсілді.
Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Көкпекті ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов баяндап берді.
- Аудан аумағы әкімшілік шекарасында 909936,0 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 561027,2 гектар, елді мекен жерлері – 129984,0 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1705,6 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері – 13853,3 гектар, су қорының – 60285,0 гектар және босалқы жерлер 143117,0 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары – 557633,2 га, оның ішінде егістік – 123065,1 га, тыңайған жерлер 1323,9га, шабындық – 43045,1 га, жайылым – 390199,2 га алады, - дейді бөлім басшысы.
Барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі-алдағы қыста азық-түлік қорын дайындау, өйткені біздің облыс-та қыс өте ұзақ. Шілде айының басынан Көкпекті ауданында шөп шабу науқаны басталды. Қолайлы ауа-райының басталуымен жұмыс жанданды. Негізгі міндет: ауылшаруашылық жануарларына жем-шөп жеткілікті болу үшін мүмкіндігінше көп шөп шабу.
Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Байсенгіровтың ақпараты бойынша шөп шабудан Тассай, Теректі ауылдық округтерінде, сондай-ақ Қ. Аухадиев ауылдық округінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 10 шілдеге қажетті 105 мың тоннадан 150 тонна шөп дайындалды.
- Орташа өнімділік гектарына 12-15 центнер мөлшерінде. Мысалы, Тассай ауылдық округінде шабындық алқаптарының ауданы 1000 га құрайды, әзірге фермерлер тек 150 тонна дайындады. Ауа-райының қолайсыздығына және көктемгі су тасқынына байланысты жұмыстар барлық жерде жүргізілмейді: көптеген шабындық жерлерде жоғары ылғалдылық сақталады. Сонымен қатар жауын-шашын жемшөп дақылдарының да, бидайдың да өсуіне жағымды әсер етеді, - деді Серік Дүйсембайұлы.
Мал азығы базасы ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығын табысты дамыту үшін негіз болып табылады. Сондықтан болашақта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қыста жануарларды азықпен қамтамасыз етуге барынша күш салу қажет.
В рамках национального проекта «Сильные регионы - драйвер развития страны» ведется строительство водопроводных сетей в селе Акой Кокпектинского района.
Подрядчиком выступает ТОО «KazConstructionGroup». По проекту планируется проложить 10 км водопроводных сетей.
На сегодняшний день в селе Акой задействовано все необходимое оборудование. На строительной площадке работают 6 единиц техники и 12 человек. Планируется, что работы начнутся в июле 2024 года и будут завершены до конца года.
Справочно: в селе Акой на сегодняшний день проживают 263 человека, имеются 68 жилых домов и 1 школа.
Акимат области Абай
«Eastern Gold» ЖШС мен «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ Абай облысының Көкпекті ауданында доре қорытпасын (алтын-күміс қорытпасы) өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстарын бастады. Зауытты іске қосу 2024 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Нәтижесінде 60 жұмыс орны ашылмақ.
15 шілде күні Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов жұмыс тобымен бірге нысанға арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Жұмыс тобының құрамында аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, мәслихат депутаты Дархан Дүйсембаев, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Байсенгіров, жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Каримов және ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев қатысты.
Биыл Абай облысында баламасы жоқ ерекше тарихи-танымдық экспедиция өтті. «Батыр бабалар жолымен» тарихи-танымдық экспедициясы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарындағы тарихи орындар мен ұлы тұлғалардың жатқан жерлерін аралап, XVIII ғасырдағы Абылай хан басқарған қазақ әскерінің Жоңғар хандығымен арадағы жеңісті соғысының іздерін, сол соғыста шейіт болған жауынгерлердің жерленген қорымдарын көріп, ру таңбаларын танып қайтты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси бағдарына сай мемлекеттік идеологиямыз аясында жүзеге асқан бұл бағдарлама 2018 жылы бастау алып, биыл 7 рет өтіп отыр. Экспедицияның негізгі мақсаты - қазақ даласындағы тарихи жерлерді, хандар мен батырлар, билер жүрген мекендерді көру, 2 ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысының іздерін табу, сол соғыста қазақ қолының жеңуіне жан-жақты үлес қосқан ұлы тұлғалардың зиратына арнайы барып құран бағыштау, тарихи шайқастар өткен орындарды аралау, қазақ жауынгерлері жерленген қорымдарды анықтап табылған деректерді тарихи айналымға түсіру, ұрпаққа шынайы мәлімет қалдыру.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.