Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жалпы сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкі-леттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланыс-ты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңында көрсетілген.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің 2018 жылғы 18 қаңтарындағы Операциялық жоспардың 93- тармағын орындау және пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқық бұзушылықтар және қайталама қылмыс жасауының алдын алу үшін ҚР ІІМ «Есепке алу» атты Республикалық профилактикалық іс шарасын өткізу туралы 02.11.2018 жылғы № 30/16-294-4282-И нұсқауына сәйкес ШҚО бойынша ҚАЖД №2 Көкпекті аудандық ПҚ есебінде тұратын бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапына болатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында № 2 Көкпекті аудандық ПҚ қызметкерлері Самар ПБ ЖП қызметкерлерімен 2018 жылдың 18 қарашасынан бастап 23 қарашасы аралығында «Есепке алу» атты республикалық профилактикалық іс шарасын өткізуде.

Толығырақ...

Медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсiмi. Ал Медиация Заңының мақсаттары мыналар болып табылады:
Дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу және тараптардың дауласу-шылық деңгейiн төмендету болып табылады.

Толығырақ...

Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.

Толығырақ...

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Жиынға аудан басшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы Асхат Смаилов, кеңес бюросының мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Бюроға қатысушылар күн тәртібіндегі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының м.а.Б.Абылғазыұлының және аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Қ.Алкеновтың Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2015-2025 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есебін тыңдады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы ұйымының Әдеп кодексін бұзғаны үшін жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтинов пен осы бөлімнің бас маманы Е.Құдайбергеновты партия қатарынан шығару туралы мәселе қаралды. Күн тәрібіндегі алғашқы сұрақ бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының м.а. Б.Абылғазыұлы баяндама жасады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және 2018 жылғы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған Б.Абылғазыұлы 9 айда 946 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. – Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметтің бес түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты бас маман Т.Кисин. Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық бойынша бір құқық бұзушылық анықталды. Аталмыш бөлімнің бас маманы Ж.Көпесов сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін соттың айыптау үкіміне байланысты жұмыстан босатылды.-деді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз