Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсiмi. Ал Медиация Заңының мақсаттары мыналар болып табылады:
Дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу және тараптардың дауласу-шылық деңгейiн төмендету болып табылады.


Әлемдік тәжірибеде медиация ірі кәсіптерден бастап, неке-отбасы қатынастары мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерге дейін кеңінен қолданылады.
Медиация кезінде дауласушы тараптардың келісімге келуінің маңызды элементі болып медиатор танылады, яғни, оның іскерлік тәжірибесі мен біліміне байланысты. Медиаторлық қызметті кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жүзеге асыра алады. Заңға сәйкес, медиатордың еңбегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды және өзге де қызметпен айналасуы мүмкін. Медиатор қызметінің еңбекақысы тараптардың келісімі бойынша айқындалып төленеді. Медиатор болуға лайық тұлғаның заңда көзделген талаптарға сәйкес келуі міндетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілеті жоқ адамдар, сондай-ақ, жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.
Татуластыру рәсімдерінің институты азаматтық-құқықтық дауларды реттеу тәсілі ретінде қоғамдық өмірде маңызды рөл атқарады. Медиацияны қолдану серіктестік байланысты беріктендіруге мүмкіндік туғызады, ұзақ әрі қымбатқа шығатын сот үрдісін болдырмауға мүмкіндік беріп, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
Сот ісін жүргізудің медиациядан айырмашылығы - еркінде. Яғни «Медиация туралы» заңның 5-бабының негізінде тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара ерікті ниет білдіруі медиация рәсіміне қатысудың шарты болып танылуында. Сот ісі жария болса, медиацияда бұл рәсімнің сипаты жария емес. Сот ісін жүргізуде судьяны істің келіп түсуіне қарай арнайы техникалық бағдарлама анықтайды. Ал, медиацияда дауға төрелік етуші тұлғаны тараптар өздері таңдайды. Сотта талапкер шағымданған талаптың шегінде ғана іс қаралады. Ал, медиацияда талапты қанағаттандыру тәсілі талап қоюшы және екінші тұлғамен келісілуге тиіс.
Судья істі қарау кезінде аралас-паушылық қағидасын ұстанады, медиатор дауласушы тараптармен болатын келіссөздерге қатыса алады. Медиация мен сот ісін жүргізу кезіндегі заңмен қойылған мерзімдерінде де айырмашылық бар. Келісімге келуге күнтізбелік отыз күн беріледі, соттағы қаралатын істің сатылығы мен ауырлығына және өзге де факторлардың орын алуы сот бітімгершілік келісіміне қол жеткізген жағдайда, бұл келісімді тараптар ерікті орандауға міндеттенеді. Заңға сәйкес, егер ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленуші тарапқа келген залалдың орнын толтыру және оларды татуластыру арқылы жанжалды реттеу туралы келісім жасалса, ҚР ҚК-нің 67-бабы бойынша іс тоқтатылады.
Айта кететін жайт, егер медиатор кәсіби этика кодексін және заңмен көрсетілген нормаларды бұзған жағ-дайда заңға сәйкес жауапкершілікпен қатар, медиа-торлар ұйымының уәкілетті органымен медиаторлар реестірінен медиатор ретінде қызмет атқару құқығынан белгілі мерзімге айырылады.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз