Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Жиынға аудан басшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы Асхат Смаилов, кеңес бюросының мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Бюроға қатысушылар күн тәртібіндегі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының м.а.Б.Абылғазыұлының және аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Қ.Алкеновтың Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2015-2025 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есебін тыңдады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы ұйымының Әдеп кодексін бұзғаны үшін жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтинов пен осы бөлімнің бас маманы Е.Құдайбергеновты партия қатарынан шығару туралы мәселе қаралды. Күн тәрібіндегі алғашқы сұрақ бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының м.а. Б.Абылғазыұлы баяндама жасады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және 2018 жылғы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған Б.Абылғазыұлы 9 айда 946 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. – Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметтің бес түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты бас маман Т.Кисин. Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық бойынша бір құқық бұзушылық анықталды. Аталмыш бөлімнің бас маманы Ж.Көпесов сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін соттың айыптау үкіміне байланысты жұмыстан босатылды.-деді.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мәлімдеме жасаған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а.Қ.Алкенов партияның 2015 -2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бағдарламасының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева сөз кезегін алды. Бақыт Есімханқызының айтуынша, ағымдағы жылдың 4 қазанында екі бөлімге де «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мүшелерінің қатысумен тексеру жүргізілген. Жүргізілген тексерулердің барысында бөлімдерде партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспары құрылмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында бөлім қызметкерлері арасында талқылау жасалмаған. Құқық бұзушылық туындаған жағдайда хабарласу үшін сенім телефондары, пошта жәшігі, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері жоқ. Мемлекеттік мекемелердегі көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің үлгілері, ақпарат тақтасы ілінбеген қай мемлекеттік қызметші мемлеттік қызметтің қандай түрін көрсететіні белгісіз сияқты фактілері бар. Саяси кеңесте айтылған мәселелерге қаныққан аудан әкім аппарат басшысы Р.Кемербаеваға бөлім басшыларының міндетін атқарушы тұлғалар бір ай уақыт мерзімінде тұрғындар үшін ғимараттың бірінші қабатына осы мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері және оған жауапты қызметшілер туралы ақпарат беретін стенд рәсімдеуді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды жүктеді. Күн тәртібіне қойылған екінші сұрақ бойынша партия ұйымының Әдеп кодексін бұзғаны үшін жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтинов пен осы бөлімнің бас маманы Е.Құдайбергеновты партия мүшелігінен шығаруға ұсыныс берілді. Осы мәселе бойынша Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Н.Назарханов ой-пікірін білдіріп, ұсынысты қолдайтынын айтты. Жиын соңында қаралған барлық мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз