Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, барлық мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан ардагерлері, жас-тар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелініп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Алдымен сахнаға көтеріліп, салтанатты жиынға құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы: – Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр. Өркениетке тән барлық демократиялық қағи-далармен толық қамтылған Конституциямыз бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды. Сіздерді елдік пен ерліктің, адалдық пен татулықтың, ар мен намыстың кепілі болған Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді. Бұдан кейінгі салтанатты шара марапаттау рәсіміне ұласты. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесіне орай және Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлестері үшін аудан әкімінің мерекелік медалімен Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы» Баянды Кәкенұлы Қожамбетов, «Колос» ШҚ басшысы Евгений Александрович Болде, «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Советбекұлы Дюсембаев марапатталды.
Ал, аудан әкімінің Алғыс хатымен Көкпекті аудандық Әділет басқармасының басшысы Қанат Кәбдікәрімұлы Ілиясов, Көкпекті ауданының аға сот орындаушысы Альфия Закировна Редкина, Самар полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Төлеубек Советханұлы Қалиев, Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазыұлы Алғазин, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Көкпекті» журналының жауапты хатшысы Қайрат Қапайұлы Малғаждаров марапатқа ие болды.
Марапаттау рәсімінен соң, салтанатты жиналысқа қатысушыларға мерекелік құт-тықтауларын Көкпекті ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Фирхат Мавлютов, «Көкпекті жастары» жастар патриоттық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Жарбол Алпысбаев, Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов арнады.
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртістерінің әсем әндері көрерменді бір серпілтіп тастап, көңілге көрікті ой ұялатып, жанға жалынды жігер сыйлады. Сөйтіп, салтанатты жиналыс өз мәресіне жетіп, Ата Заңның абыройы асқақтай түсті.
Аслан Жапарқұлов, Сарыбел ауылдық округінің бас маманы:
- Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қа-зақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.
Конституция күні – айтулы мереке. Ол – мемлекеттілігіміздің алтын тұғыры, діңгегі, биік мұнарасы. Конституция қүнімен баршаңызды құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Азат елдің ұрпақтары Ата заңын ардақтап өссін! Әр шаңыраққа ауызбіршілік, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, абыройы асқақ, келешегіміз кемел болсын!
Гүлнар Нұрғалиева, Құлынжон ауылдық округі әкімінің м.а:
-Тәуелсіздік жылдарында біздің Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің Негізгі Заңы бұрынғысынша егемен Қазақстан дамуының басты шарты болып қала береді. Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 23 жыл бұрын тамыздың 30 күні Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілгенін баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды дамытуға одан ары шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Осы мерекеде елімізге азат, бейбіт өмір тілеймін! Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт және Отанымызға жарқын болашақ тілеймін!
Салтанат Қайқыбаева, Тассай ауылдық округінің бас маманы:
- Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Біздің сыртқы саясаттағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.
Барша Қазақ елін Ата заңымыздың ұлы мерекесімен құттықтаймын! Заң, менің түсінігімде, мемлекеттің өсіп-өркендеу, алға қадам басу, жетістікке жету мақсатында халықтың бірге, жұмыла істейтін қалпы іспетті. Сондықтан қалып сенімді, мықты болған сайын еліміздің бақытты ғұмыр кешіп, белестерді бағындыруға құлшынысы арта түспек. Заң – ханға да, қараға да ортақ тәртіп. Заңға халық бағынсын. Мақсат, мүдде жолында Конституцияға бағынып, еліміз бейбітшілік ғұмыр кешіп, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Алдағы дамыған елдердің қатарына қосылсын! Қазақстан халқын Конституцияның 23 жылдығымен құттықтаймын!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз