Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Жұлдыз-Новая жизнь» аудандық газетінің өкілдерімен 2015 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша брифинг, пресс-конференция болды.

Брифинг барысында сот төрағасы Н.Нұралинов келесі статистикалық мәліметтерді айтып өтті: 9 ай ішінде 34 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс, олардың 24 азаматқа қатысты 19 үкім шығарылған, ақтау үкімі және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері болған жоқ. 166 азаматтық іс қаралды, олардың 92 шешім шығарумен, 42 сот бұйрығы болып табылады, 220 әкімшілік іс 221 тұлғаға қатысты қаралды. Сотпен 24 медиация рәсімі қолданылған, оның, 10 қылмыстық іс бойынша, 11 азаматтық іс бойынша, 3 әкімшілік іс бойынша.


№2 аудандық сотта «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі белсенді түрде қолданылуда, барлық кіріс құжаттың 80,6% осы сервис арқылы келіп түсті. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс-бейне жазбасын қолданумен өтетінін, жеке және заңды тұлғалар арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін, ол үшін фойеде анкетаға арналған жәшік орнатылған, керек ақпараттар стендтерде орналасқанын атап өтті .
Н.Нұралинов бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты негізде іскерлік байланыс орнатылғанын атап кетті. Осы жылдың 9 айында аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 154 мақала, соттың және облыстық соттың сайттарында 128 пресс-релиз жаряиланғанын, 77 семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел өткізілгенін, судьялармен, сот мамандарына бұқарлық ақпарат құралдарында қандай да бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын көрсетті.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз