Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 Қазан 2015

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Нұр Отан» пар-тиясының Көкпекті аудандық филиалында сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы болды.

Кеңеске сыбайлас жем-қорлықпен күрес қоғамының төрағасы Қ.Алтынбаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын табыс-ты жүзеге асырудағы жұмыс-тарға, сонымен қатар осы бағыттағы негізгі жұмыстарды атқаратын сыбайлас жемқор-лыққа қарсы кеңестердің қыз-метін дұрыс ұйымдастыруға байланысты екеніне тоқталып өтті. Отырысқа сыбайлас жем-қорлықпен күрес қоғамының, партиялық бақылау комиссиясы, «Нұр Отан» депутаттық фракция мүшелері, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың заңдылыққа байланысты пайдаланылуын жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамының мүшелерінің партия доктринасы ережесі бойынша азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмысы туралы болды. Осы мәселе, төңірегінде сөз алған аудандық қаржы бөлімінің экономика және бюджетті жоспарлау бо-йынша басшының орынбасары А.Тасқайратова: «Мұндай бағдарлама біздің қоғам үшін өте керек. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дүниежүзінде жүріп жатыр. Елбасымыз айтқан сияқты, сыбайлас жемқорлықпен күресу - бұл әркімнің және бүкіл қоғамның жұмысы. Қоғамда осындай күреске әркім қатысатын болса, онда осындай қауіппен, осындай залалмен күресу жеңілірек болады», - деді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз