Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 Қазан 2015

КАРАВАН ОБЪЕДИНЯЕТ НАРОДЫ

21 октября 2015 года в теплый солнечный день «бабьего» лета, традиционный караван дружбы состоялся на базе Сарыбелского сельского округа совместно с соседними Палатцынским и Миролюбовским округами. Празднично украшенный сельский клуб сарыбелцев радушно принимал гостей праздника.

С поздравительной речью к собравшимся обратился аким района Р.Сагандыков.

- Нынешний караван дружбы проходит под эгидой «Большая страна – большая семья»,  посвященная 20-летию Ассамблеи народа Казахстана, символизирующая нерушимую дружбу и согласие в нашей стране. В рамках юбилейных дат, в районе проведено много идеологических мероприятий, что, несомненно, способствовало консолидации социального оптимизма и казахстанского патриотизма. Все это благодаря взвешенной и целенаправленной политике Елбасы, в результате чего в нашей стране царят мир и спокойствие.  Цель каравана – объединение народов, в нашем районе насчитывается около 20 этносов. Поздравляю вас с праздником, пусть караван дружбы приносит в каждый дом радость, счастье, достаток, - пожелал в своем выступлении Рамиль Нигметчанович.

Read more

ЫНТЫМАҚ ҰРЫҒЫН СЕПКЕН КЕРУЕН

Палатцы, Миролюбовка ауылдық округінің тұрғындары бүгін Сарыбел ауылында қонақта. Олар жай ғана қонақ емес, ауданда әдеттегідей бастау алған «Достық» керуенінің белсенді қатысушылары. Биылғы жылғы керуеннің тақырыбы «Үлкен ел – үлкен отбасы», ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылды-ғына орайластырылған. Сарыбел ауылының көпұлтты халқы қонақ-тарды құшақ жая қарсы алды.

Күздің бұл күні мерекеге сай әдет-тегіден тыс жылынып, айналасына шуақ шашқан күн сәулесі ауыл ше-тінде еркелей аққан Ертіс айдынына шағылысып, ерекше нұрландырып тұрды. Тап-тұйнақтай таза ауылдың кеңсесі де жақында ғана жөндеуден өткен, ауылдық клуб та көркімен көз тартады, ал Жеңістің 70 жылдығына орай қайта қалпына келтірілген ескерткіш аудан бойынша үздіктердің қатарында аталады. Осындай сәулет үйлесімділігін бүгінгі кеңінен жайылған жәрмеңке бояуы, әсем әуен одан әрі толықтыра түс-кендей. Жәрмеңкеге көрші ауылдан кел-ген қонақтар да, жергілікті тұрғындар да белсене қатысып, келушілерге сан түрлі тауарын ұсынды. Бір-бірімен амандасып, жәрмеңкені аралап болған халық клуб үйіне кіріп жайғасқан сәтте мерекеге арнайы келген аудан әкімі Р.Н.Сағандықов жиналған қауымға сөз арнап, бүгінгі мерекемен құттықтады. «Қазақстан халқы биыл мерейтойлы жылды қорытындылағалы отыр. Біздің ауданның тұрғындары да елімізде аталған Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20, Қазақ хандығының 550, Ассамблеяның 20 жылдығын атап өту барысында белсенділік танытып, ынтымақшыл екенін көрсете білді. Ынтымағымыз арта берсін», - деді Рамиль Нығметжанұлы. Біздің ауданда Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз қалды. Солардың бірі, осы Сарыбел ауылында тұратын қадірлі ақсақал П.Я.Балахоновқа аудан әкімі жиын үстінде сыйлық ұсынды. Ауылдастарына байырғы ұстаз Г.Попова жүрекжарды тілегін айтып, бүгінгі келген керуеншілерге ауылдастарының атынан  алғыс білдірді. Сарыбел ауылдық округінің әкімі К.Сақуанова округтегі туризм кластерін дамыту бойынша слайд көрсетіп, округтің әлеуетін паш етті. Жиналған қауым алдында Миролюбовка ауылдық клубінің меңгерушісі В.Берш халықтар достығы туралы баяндама жасап, соған сәйкес слайд көрсетілді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз