Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Пресс-конференция барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерді айтып өтті: 9 ай ішінде 27 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 14 тұлғаға қатысты 13 үкім шығарылғанын, ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмағанын; 243 азаматтық іс қаралғанын, оның ішінде 152 шешім шығарумен, 67 сот бұйрығы болып табылатындығын, 67 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын; 292 тұлғаға қатысты 292 әкімшілік іс қаралғанын көрсетті. Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 13 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 7 қылмыстық, 4 азаматтық, 2 әкімшілік іс.
Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 265 арыздың 229 арызы аталған сервис арқылы түскен, ол 86,4% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс,-бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалара арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін,

ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылғанын атап өтті. Тағы бір айта кететін жаңалық «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндігі «Сот органына хатты жіберу» механизмі іске асырылды. Осыған байланысты Көкпекті аудандық сотымен квази-мемлекеттік органдардан, коммерциялық ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан сотқа келіп түсетін барлық хат-хабарлар 01.10.2015 жылдан бастап, тек электрондық түрде «Сот органына хатты жіберу» функционалы арқылы қабылданады. Осы функционалды пайдалану үшін ұлттық куәландырушы орталықтың жеке және заңды тұлғаларға (ММ, ЖШС, АҚ және т.б.) арналған электронды-санды қолтаңбасы болу керек екенін айтты.
Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын атап кетті. Осы жылдың 9 айында аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 41 мақала, Көкпекті сотының және облыстық соттың сайттарында 184 пресс-релиз жарияланғанын, 109 семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел өткізілгенін. Судьялар мен сот мамандарына қатысты бұқарлық ақпарат құралдарында қандайда бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын көрсетті.
Сонымен қатар, Көкпекті аудандық соты сот жүйесіне сауатты, білікті мамандарды кадр резервіне дайындау үшін, «заңгер» мамандығы бойынша білім алып, жұмыссыз жүрген жас мамандарды оқу орындарында алған мамандықтары бойынша тәжірибе алып, Көкпекті аудандық сотының кадр резервіне тұру үшін шақырады.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз