Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша 27 желтоқсан күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Көкпекті ауданы әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.
Мерекелік шараға ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және дарынды, қабілетті 63 бала қатысты. Балалардың қуанышына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы өз сөзінде: -«Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын»- деп мерекелік лебізін білдірді. Аудан басшысы өз құттықтауында алдағы жоспарларын да тілге тиек етті.


Биыл да Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары балалар үшін қызықты мерекелік бағдарламалар дайындаған. Жаңа жылдың бас кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Мерекеге жиналған ертегі кейіпкерлері Саққұлақ, желаяқ және жыл басы болған қоянды шығарып салып, келер жыл ұлуды қарсы алып, ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті. Аяз ата және Ақшақармен бірге бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері балалармен қызықты ойындар ойнады. Мерекелік шара соңында аудан әкімі әрбір балаға тәтті сыйлықтар табыстап, естелікке суретке түсті.
Сондай-ақ аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ең қалаулы және ғажайып мереке қарсаңында аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады. «Қош келдің -2024» атаумен өткен жаңа жылдық шырша мерекесі аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Мерекеде түлкі, Мақта қыз бен мысық, Аяз ата мен ақшақар, қоян, ұлу және тағы басқа кейіпкерлер балалармен бірге ойындар ойнап, әндер айтып, шыршаны айналды.
Мерекелік шыршада аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен демеушілер тарапынан ұсынылған ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар таратылды.
Сондай-ақ қызмет алушы қыздар «Ақшақар» биін билесе, облыстық «Екі жұлдыз» байқауының жүлдегерлері әуелете ән шырқады. Жаңа жылдық шарада балаларға арналып мерекелік фуршет дастарханы жайылды.
Шырша мерекесін ұйымдастырып, өткізуге демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға орталық ұжымы зор алғыстарын білдіреді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз