Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан КВН Одағы, Семей КВН  филиалы, Семей мектеп лигасы ұйымдастырған «Маусымашар – 2019» фестивалі өткен болатын. 16 шақты команда қатысқан ақтық ойында Көкпекті ауылының жас «Питекантроп» командасы тартысты ойын көрсетіп «Маусым жаңалығы» аталымын жеңіп алды.

Аудан мектептерінің жайдарман клубтары арасындағы енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан жас жайдарманшылардың ойын көрсетуде өз қолтаңбалары, өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан. Жайдарман ойындарының облыстық сахнасында өнер көрсетуге әбден лайық балалар. Команда жетекшілері Әлижан Артықпаев және Мақсат Тоқсанов команданы жарысқа апаруға қолдап және қаржылай демеушілік көрсеткен Ирина Эдикқызы Абибуллаева, Роза Қуанышқызы Ташубаева, Талант Бақытбекұлына, Амангелді Ахметұлы Салдырғазин және Дархан Бердібекұлы Дюсембаевқа өздерінің және команданың атынан алғыс білдіреді.
Аудан намысын қорғап келген «Питекантроп» командасының құрамында Көкпекті орта мектебінің оқушылары Бейбарыс Тоқсанов, Дастан Бақытбек, Нұрсұлтан Боқанаев және Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп оқушысы Мерей Серіков. Жас буын жайдарманшыларға жетекшілік етіп жүрген Мақсат Мейрамұлы ойын туралы өз ойын білдірді:


- Жайдарман ойындарының тәрбиелік мәні өте зор. Қойылымдардағы мәтін мазмұндарында кездесетін әзіл-ысқақтардың астарлы ойы қоғамымызда белек алып жатқан сан алуан кемшіліктерді жеткізуге құрылады. Жайдарман ойынына қатысқан балалар өздеріне тәрбиелік сабақ алады. Жайдарман ойыны балаларды өз істеріне жауапкершілікпен қарауға, тәртіптері мен мінез-құлықтарын бақылап, қоғамдық ортада дұрыс жүруге бейімдейді. Жайдарман ойыншылары тапқырлыққа, шешендікке, дұрыс сөйлеу мәнеріне үйренеді, - деді.
Жайдарманшылыр «Маусымашар – 2020» ойынына жолдама алды, сәттілік серік болсын! Оларға жастар саясаты, білім беру және ерікті демеушілер тарапынан қолдау білдіреді деп сенеміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз