Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

7-8 қыркүйек күндері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен дзюдодан аудандық ашық жарыс өтті. Оған Семей мен Өскемен қалаларынан, сондай-ақ Зайсан, Ақсуат, Ұлан және Көкпекті аудандарынан келген алты команда бақтарын сынады. 

Жарыс барысында татамиге 80 палуан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшыларымыз келесі жүлделі орындарға ие болды.
26 келі салмақта 2009-2010 жылы туылған қатысушылар арасында үшінші орынды М. Әубәкіров, осы салмақта 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында бірінші орынды Д. Смағұлов, екінші орынды – Құмар Тұран, үшінші орынды – Р. Құралбеков иеленді. 29 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылы туылған спортшылар арасында үшінші орынды Ш. Төлеуханов алды. Ал 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер ішінен А. Даукеновке ешкім тең келмеді, үшінші орын Н. Серіковке бұйырды. 2007-2008 жылы туылған қатысушылар арасында 32 келі салмақ дәрежесінде У. Сарманов екінші орынға ие болды, ал У. Эрталеп пен И. Мұрат үшінші орынға тұрақтады.


35 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында бірінші орынды Д.Нұрсейіт, үшінші орынды М.Рами алса, қыздар арасында 2009-2010 жылы туылған 28 келі салмақта Д. Ордаханова жарыста ІІ орынды жеңіп алды.
2002-2003 жылдары туылған спортшылар арасында 46 келі салмақ дәрежесінде бағы басым болған А.Амангелді алтын медаль жеңімпазы атанды. Ал ІІІ орын Ж.Қожекеновке тиесілі болды. Сондай-ақ, 50 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды М. Сайлаубеков, үшінші орынды А.Таныспаев пен С.Сәлімов бөлісті. 55 келі салмақта 2002-2003 жылдары туылған қатысушылар арасында екінші орынды А. Тілеуханұлы, үшінші орынды Д. Мырзабек ие болды. 57 келі салмақ дәрежесінде 2002-2003 жылы туылған қыздар арасында бірінші орынды А. Слямханова жеңіп алды.
Ауданның намысын лайықты қорғаған спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, оларға келешекте спорттық жетістіктер тілейміз!

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз