Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында «Үкілі домбыра» атты дәстүрлі ән-күй байқауы болып өтті.
Қазақтың қара домбырасының үні, күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі - ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десенші! Сондықтан да, осы сайыстың мақсаты күйшілік, әншілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.

Балалар өнер мектебінің директоры Асқар Дүйсенбекұлы Сүлейменовтің бастамасымен екінші рет өтіп отырған «өнер додасына» ауыл мектептерінен келген жас өнерпаздар бәйгеге түсті.
Байқауға аудан аумағындағы 6 мектептен көптеген өнерпаздар келіп қатысты. Сайысқа жас өнерпаздар, күй орындау, жеке ән айту және ансамбльдік күй орындау бойынша өнерлерін көрсетті.
Байқауда бақ сынаған дүлдүлдеріміз жетекшілерінің шеберлікпен даярлап, баптаған еңбегін зая кетірмей, төл өнердің құдыретімен тамсандырып, қасиетті қара домбыраның құлағында ойнады. Барларын ортаға салды. Ешбір күшейткіш құралдарсыз таза дауыс пен додаға түскен жас таланттар қазылар алқасының әділ бағасын иеленді.
Әділқазылардың шешімі бойынша күй тарту шеберлігі аталымы бойынша, бас жүлдені үлкенбөкендік Ақерке Қизатова, І орынды Балалар өнер мектебінің оқушысы Ернұр Қайырлы, ІІ орын Ахан Дильназ Балалар өнер мектебінен, Жалғас Қасымжанов В.Маяковский негізгі мектебі, ІІІ орын Гаухар Ахан, Аяна Әубәкірова, (Балалар өнер мектебі), ал арнайы жүлдені Ақбота Советханова алды. Ансамбльдер бойынша І орынды үлгілімалшылық «Қызғалдақтар» домбырашылар тобы, ІІ орын В.Маяковский негізгі мектебінің «Домбырашылар» тобы иеленді. Дәстүрлі ән аталымы бойынша І орын Тассайлық Айзере Ізғұтты, ІІ орын үлкенбөкендік Алуа Ахметкаримова және ІІ орын көкжыралық Айболбек Қыдырбекке тиселі болды. Сондай-ақ, сайыскерлердің музыкалық жетекшілері Г.Рахимова, Б.Шекенова, Ғ.Оразғалиева, А.Дүнгененова, Ғ.Оразғалиева, Ж.Барбосынова, Г.Алкеева, М.Нұрғалиев аудандық білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімінің атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Байқау соңында шеберлік сыныбын көрсетіп, терме орындаған мәдениет үйінің айтыскер ақыны, дәстүрлі әнші Фархат Таянкенов өнері сайыскерлерге керемет әсер қалдырды. Сайыскерлердің әрқайсысы дәстүрлі әншінің орындаушылық шеберлігіне үлкен таңданыспен, қызыға қарап, оған ұқсағысы келгені байқалды.
Қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, мәдениетін балалар арасында кеңінен таратып, ұлттық өнерді сүюге, оның мәнін түсініп, одан тәлім алуға бағытталған игі бастамаға қатысушылар жас таланттардың ән-күйіне тәнті болып қайтты.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз