Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

13 мамыр күні Көкпекті орта мектебінде ШҚО бойынша NOMAD MMA стилінен Қамбақов Амангелді Дәлелханұлын еске алуға арналған Көкпекті аудандық ашық турнирі өтті. Жарысқа Көкпекті, Бородулиха, Зырян, Ақсуат аудандарынан, Семей қаласынан жалпы саны 12 команда келіп бақтарын сынасты.


Қазақстанда NOMAD MMA стилі 2007 жылдан бой көтере бастаған аралас жекпе-жектің түрі. Жалпы бұл спорттық терминнің қазақ тіліндегі мағынасы «көшпенділер» деген ұғымды білдіреді. Бұл стильді ең алғаш спорттық сайыс ретінде енгізген Бүкіләлемдік Федерацияның Президенті, қарағандылық Ан Сергей Валентинович. Ал, 2008 жылдан Көкпекті ауданында халықаралық дәрежедегі төреші, КМС, жаттықтырушы-нұсқаушы Руслан Нұрланұлы Жү-нісовтің бастамасымен 6-17 жас аралығындағы балалар үлкен қызығушылықпен, ынта-жігермен шұғылданып жүр.
- Қазіргі таңда бұл спорт түрімен жаттығып жүрген шәкірттерім 30-шақты. NOMAD MMA айқастарындағы бастысы – стиль ережелерінің бірегейлігі, бұл - жарыстарда кез келген жекпе-жек түрінің өкілдерінің қатысуын мүмкін қылады. Бүгінде жоғары жетістіктер көрсетіп жүрген – Азия және әлем чемпионы Дәлел Маликов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ельдар Ермеков, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Әли Махабеков, Әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Аңсар Болатов, Азия жарысынан қола жүлдемен қоржынын толтырған Бекзат Қайырханов сияқты шәкірттерімді мақтан етемін, - дейді талапты жас Руслан Нұрланұлы.
Оның айтуынша, кейінірек аталмыш стильден 2016 жылдан бастап аудандағы А.Пушкин атындағы ОМ (жаттықтырушы Тимур Тоқтасынов), Тимофеевка ОМ (Төлеген Қалиев), Қ.Аухадиев атындағы ОМ (Әсет Мамаев пен Манарбек Сайлауханұлы) сияқты жаттықтырушылар баптаған көптеген шәкірттер ұтыс қоржындарын медальдармен қомдауда. Қазақ балаларының спортпен шұғылданып, жетістікке жетіп жатуы, осындай мүмкіндікті туғызып, жылдан-жылға көркейіп келе жатқан мемлекетіміздің арқасы екені даусыз.
Сондай-ақ, Руслан бұл ашық турнирдің себепкері, осыдан 9 жыл бұрын қыршынынан қиылып, дүниеден өткен Үлкенбөкен ауылының тумасы, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы Қамбақов Амангелді Дәлелханұлы екенін де айта кетті. Жарыс қатысушыларына спортты қолдайтын және жарысты ұйымдастыруда қолдау көрсеткен Амангелді марқұмның сыныптас достары мен кеңпейіл азаматтар жанкүйер болғанын, олардың жеңімпаздарға арналған Грамоталар мен медальдарды, кубоктарды Алматыдан өздері дайындап әкеліп, қимас дос рухына бас иіп, тағзым еткеніне де тоқталды әңгімесінде ол.
Тартысты өткен ашық турнирде спортшылар жоғары дайындық деңгейін, қарсыластарға қатысты құрметті қатынасты, ерік-жігер және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Сайыстардың әр қатысушысы өз жерінің намысын лайықты танытты.
Сайысқа түсушілер арасында турнир нәти-желері бойынша марапаттардың көп бөлігіне жалпы-командалық есепте Көкпекті ауданы спортшылары ие болып, І-орынды жеңіп алса, иеленген жүлделі орындар саны бойынша ІІ-орынға Бородулихадан келген жарыс қатысушылары орналасты. Зырян күресшілері барлық жарыс қатысушылары арасында марапаттар саны бойынша үшінші орынға табан тіреді.
Толықтыру ретінде, көпшілік біліп, өнеге ала жүрсін деген мақсатпен Амангелді Қамбақовты еске алу турнирін ұйымдастырушылардың есімдерін атай кетуді жөн санадық. Достары: Нұржан Апсейтов, Біржан Азелбаев, Ержан Уалиев, Әлішер Сембаев, Айдын Аубакиров, Шалқар Рахметов, Гүлжан Байболова, Рыскүл Көбелдесова, Гаухар Бектасынова, Евгения Кузьмина, Қанат Мұхаметқалиев, Ильнур Абдырахманов, Гүлбарам Қалиева, Аслан Сүлейменов, Дәулет Жотабаев, Аслан Таныспаев, Алтай Нұрмұханбетов, Дархан Дюсембаев, Аманжол Құнанбаев, Альфия Гусейнова, Зарина Булумбаева сияқты қолдаушылар жарысты өткізу және соңынан ақ дастарқан жайып, марқұмның рухына Құран оқытып, қатым шығаруға күш салды.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз