Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен жексенбіде Көкпекті ауданының № 1 ЖБСМ-де таэквон-до ІТҒ бойынша Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. ШҚО спорт комитеті басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық шарада Көкпекті, Күршім, Абай, Бесқарағай аудандарынан, Курчатов және Семей қаласынан келген командалардың таэквон-дошылары бақ сынасты.
ШҚО таэквон-до ІТҒ бойынша Президенті, 6 - Дан қара белбеу иегері, Қазақстан Респу-бликасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Махаббат Советханұлы Советхан төрағалық еткен әділқазылар алқасы шығыс жекпе-жегіне шыққан жас спортшылардың әр қимылын қалт жібермей сарапқа салды. Жекпе-жек салмақ дәрежелері бойынша, ұл және қыз балалар арасында болғанын айта кеткен жөн.


Спортзал іші кішкентай ғана балғындардың жанкүйерлеріне, яғни, ата-әжелері мен әке-шешесі, аға-бауырларына толы. Олар сайыскерлерге дем беріп, моральдық қолдау жасауда. Әр өңірден жарысқа баптап әкелген шәкірттеріне жаттықтырушылар да үзілістерде ақыл-кеңес беріп, жан сала жеңіске қарай рухтандыруда. Әр жұптың жекпе-жектегі ұрысын тамашалап тұрып, өзіңіз де қалай тақым қысып, тілектес болып тұрғаныңызды байқамай да қаласыз.
Намыс пен жеңіс үшін тартысты өткен бәсеке қорытындысында жалпыкомандалық есеп бо-йынша, көпе-көрінеу басым түскен көкпектіліктер жүлделі І-орын, (бапкері Б.Рахимов), ІІ-орынға Семей командасы (бапкері Д:Тұрдығұлов) табан тіреді. ІІІ-орынға Абай ауданы (бапкері Е.Болатбеков) мен Курчатов кентінен (бапкері Н.Қожахметов) келген екі команда қол жеткізді. Жеңімпаздар Облыстық спорт комитеті басқар-масының мақтау грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Чемпионат нәтижесіне қарап, өскелең ұрпақ бойына табандылық, жігерлілік, қайсарлық және мақсаткерлік, патриоттық қасиеттерді сіңіруде маңызды орын алатын таэквон-до спорты Көкпекті ауданында жақсы жолға қойылған деуге толық негіз бар.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз