Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Рождество мерекесі – адамзаттың жақсылық, мейірім-ділік, есіркеу және сүйіс-пеншілік сияқты айнымас асыл құндылықтарының белгісі ре-тінде аталады. Қаңтардың 6-7 күндері Самар ауылындағы Святопокров храмында осы мерекеге арналған діни рәсімдер өтті. Алтыншы қаңтар күні түнімен Сочельник, яғни мереке алдындағы күн аталды. Онда шіркеуге келушілер діни уағыз тыңдап, екінші күні де таңертеңнен Иса пайғамбарға мадақ жырлар айтылып, уағыз тыңдалд. Шіркеуге келушілер өздерінің, туған-туыстарының денсаулығын тілеп, шырақ қойды. Шіркеуге мерекеге орай құлшылыққа жиналған қауымды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов құттықтады.
«Христиан православие шір-кеуі мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында, оның ішінде біздің ауданымызда оң қарым-қатынастардың дамуына, қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Бұл терең құрметке және қадірлеушілікке лайық», - деді Салауат Қалымжанұлы. «Қазақстанда православие ең көп тараған конфессияның бірі болып табылады. Бізде Рождествоның Құрбан айтпен бірге демалыс күні болып жарияланғаны

кездейсоқтық емес. Православие дінбасылары мен дін өкілдері өз қызметтері мен сенімдері аясында өзге де барлық конфессия өкілдерімен бірге еліміздің дамуына, оның ырыс-байлығының артуы-на рухани үлес қосып, төзімділік пен түсіністік танытуға тырысады. Біз мұсылман бауырларымызды да жақында ғана аталған Мұғаммед(с.ғ.с) пайғамбардың туған күні - Мәуліт мерекесімен құттықтадық», - дейді Самар ауылындағы Свято-Покров шіркеуінің дінбасы Николай әкей.
Бұл күні Самар Мәдениет үйінде Рождество мерекесіне арналған отырыс болды.Т.Нечаева,«Забава» казак әндері ансамблі және би тобының қыздары жиналғандарға Рождес-тво туралы әндер орындап, би биледі. Жиналған қауымды округ әкімі С.Дүсіпов құттықтады.
«Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында. Бізде қазірдің өзінде екі негіз бар, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретін боламыз», - деп Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында атап өткендей, біздің асыл діндеріміз бірлікке бастайтын жолдың бірі болып табылады.
Клара НҰРПЕЙІСОВА.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз