Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің ауданның волейболшыларының атағы облыстан әрі асып кеткенін біз мақтан ете аламыз. Бірнеше жылдан бері Болат Исаев жаттықтырып келе жатқан қыздар командасының бірнеше тобы жыл сайын түрлі чемпионаттарда жүлделі орын алып келеді.
Күз айында өтетін Шығыс Қазақстанның чемпионатында 1998-99, 2000-2001, 2002-2004 жылдары туылған қыздар командалары өз бақтарын сынады. Бұл жарыс қазан айының 21-24 күндері аралығында өтті.


Өскемен қаласында өткен жарысқа 2002-2004 жылы туылған қыздардың Күршім, Глубокое, Аягөз, Катонқарағай, Шемонайха аудандары мен Өскемен қаласынан барлығы 7 команда қатысты. Өздерін мықты санайтын бұл командалардың барлығын да жеңіп шыққан біздің қыздарымыз бірінші орынға ие болды. Сафура Сембинова, Камила Дүсіпова, Айнұр Жусанбаева, Арина Полякова, Малика Советбаева, Дильназ Дүкімбекова, Айдана Жамсапова, Ажар Ринатоллева, Наргиз Ахметова жаттықтырушылары Б.Исаев пен С.Жадықпаевтың үмітін ақтап, биік тұғырдан көріне білді.
Жаңадан жарқырап келе жатқан шамшырақтардың алда әлі талай биіктерді бағындырып, алдыңғы буын спортшылардың айбынды жеңістерін сақтап қалатынына сенім мол.
Жыл сайын өтетін дүбірлі додаға ұлдар командалары да қатысты. Құрамында А.Қожахметов, Д.Кеңесов, А.Сахариев, Е.Мұхтаржанов, А.Уалхан, К.Қалымбеков, Д.Исатаев бар 2000-2001 жылы туылған ұлдар командасы өздерін тағы да епті екендіктерін көрсетті. Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім, Шемонайха аудандары мен Семей қаласының командаларын жеңіп, аз ғана ұпаймен өскемендіктерден жеңілген волейболшыларымыз екінші орынды қанағат тұтты.
Спорт ардагері Е.Нұхаев жаттықтыратын бұл команданың аталған ойыншылары облыс командасы құрамында Павлодар қаласында өтетін Республикалық Күзгі чемпионатқа қатысады. Талаптарыңа нұр жаусын, ешқашанда абырой биігінен құлдырамаңдар деп тілейміз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз