Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Туған елден жырақта от пен оқтың ортасында, өмір мен өлім арпалысында фашистік басқыншыларды бір адым ілгері аттатпай, оқ тескен кеудесімен жат жердің топырағын құшып, мәңгілік тосқауыл болып қалған қазақстандық, Ұлы Отан соғысының батыры Қойгелді Аухадиевтың «Отан үшін» деп мерт болғанын қалай ұмытармыз? Елі барда ерлердің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмақ еместігі сөзсіз.

Отан деген ұғымның ая-сы қандай кең болса, сол Отан-Анаға деген перзенттік сүйіспеншілік пен адамгершілік парызын өміріне арқау еткен Қойгелді Аухадиев Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың мамырында шақырылып, сол жылдың маусымынан Ұлы Отан Соғысының Орталық майданның 60 армиясының 6 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында болды. 1943 жылы күзде Днепрді кесіп өту шайқасында кіші сержант Қойгелді Аухадиев басқарған топ Днепр өзенінің батыс жағалауына жасырын өтіп, жау шебіне тұтқиылдан ша-буыл жасайды. Сөйтіп, бұл ерлік негізгі күштің өзеннен кедергісіз өтуіне мүмкіндік туғызып, кеңестік әскер ерліктің жоғары үлгісін көрсетеді.

 

Қазақтың қайсар мінезді, алған бетінен қайтпайтын батыр жігіті туралы Ф.Егоров «Гвардейцы» деген жинағында ерекше баяндаған. 1967 жылы майдандасы, генерал-майор Егоров, Көкпектіге келіп батырдың отбасымен кездеседі. «Төрде тұрған жансыз бейнесін көңіліне демеу қылған Нұржамилә апа «Ол біздің есімізде мәңгі осындай қалпында қалады» деп тебіріне еске алды», - деп жазады Ф. Егоров. Украиналық А.К.Гордиенконың 1957 жылы Мәскеуде әскери баспада жарық көрген «Днепр аңыздары» кітабында, әсіресе, Десна мен Днепрден өту кезіндегі қарапайым қазақ баласының батырлық іс-әрекеттері, керекті жерде тапқырлығы, жүректілігі жайында айтылады. Қойгелді Аухадиев 1943 жылдың күзінде, 36 жасында Днепр бойындағы соғыста ерлікпен қаза табады. Днепрден өткенде көрсеткен ерлігі үшін Қ.Аухадиевке КСРО Жоғарғы кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1943 жылы Ке-ңес Одағының Батыры атағы берілді. Қ.Аухадиев Украинаның Киев облысы, Иванков ауданы, Парышев ауылындағы бауырластар зиратында жерленді. Артында жұбайы Нұржамила, 9 жасар ұлы Тұрсынхан, 7 жасар қызы Рауфа қалады. Батырдың інісі, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, Ұлы Отан соғысы ар-дагері Жансейіт Аухадиев оның отбасын өз қамқорлығына алады.

Қойгелді Аухадиев жасында орта бойлы, сабырлы әрі салқын қанды, шымыр келген, терең ойлы адам болған екен. Ол 1907 жылы Семей облысының Көкпекті ауданында Өрнек ауы-лында қарапайым отбасында дүниеге келді. Өзінің еңбек жолын Семей қаласындағы бір жылдық ауылшаруашылық мектебін бітірген соң, трактор, комбайн жүргізушісі болып бастаған. Тағдыр қосқан жарынан ерте жесір қалған Нұржәмила апа қарапайым, жаны жомарт, ақкөңіл адам еді. Екі баласы, Тұрсынхан мен Рау-фаны өзі тәрбиелеп өсірген асыл ана 2000 жылы 88 жасында дүниеден өтті.

Батырдың ұрпағы Тұрсынхан Алматыдағы мал дәрігерлік инс-титутын бітірген соң, Көкпекті ауданында бас мал дәрігерлік қызмет атқарады. «Орнында бар оңалар» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек Ол бала кезінен бастап еңбекке араласып, 1979 жылы туған жері Өрнекте басшылық қызмет атқарып, аудан дамуына үлкен үлес қосады. Бес бала тәрбиелеп өсірген Тұрсынхан аға 1982 жылы 22 ақпанда 46 жасында дүниеден өтеді. Ғұмыры қысқа болып, балаларының қызығын көре алмады.

Қойгелді атаның қызы Рау-фа аудан ауруханасында аға медбике болып қызмет еткен ақ желеңді абзал жан. Рауфа апайдың балалары Талғат, Айгүл, Нүргүл, Назигүл әр салада қызмет етуде.

Қойгелді атаның келіні Ғайни Мұқышқызы Алматыдағы шет тілдер институтын бітіріп, еңбек жолын Үлкенбөкен ауылындағы мектепте бастайды. Кейіннен Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектепте барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады. Адам өмірі әрқашан өнегелі ісімен ардақталады емес пе? Соның бір айғағы Ғайни Мұқышқызы жұбайынан ерте айырылып қалса да, бес баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай мәпелеп өсіріп жеткізді. Әрине, балаларды бағып-қағуда әжесі Нұржәмиланың да үлесі көп болды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, анасы мен әжесінің үлгі-өнегесі балаларының өмір жолына шамшырақ болды. Бүгінде әрқайсысы Қазақстанның жер-жерінде адал еңбек етіп жүр. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей Қойгелді атаның рухымен қанаттанған ұлы Тұрсынханның немерелері Бақытжан, Ержан, Ерлан, Бақыт-гүл, Гүлжан өмірден өз орнын тапқан жандар. Әрқайсының әр салада еселі еңбектері бар ел аузында жүргендер. Тектінің тұяғы деп тамсанатындар да көп. Батыр ата атын арқалап жүру балаларына оңай соқпасы рас. Алайда, балалары оның атына кір келтірмей, бәрі жоғары білімді мамандық алып, жауапты әрі мәртебелі қызметтерін абыроймен атқарып жүр.

Қойгелді атаның немересі Ержан Қойгелдин еңбек жолын Ұзынбұлақ ауылында бас экономист қызметінен бастайды. Кейіннен Ленин атындағы ұжымшарды басқарып, әке жолына түседі. 1996 жылы бұрынғы Ленин катындағы ұжымшар жаңа заманға сай Өрнек «ЖШС» болып қайта құрылады. Тоқырау жылдары шаруашылық тараған кезде осы ауылды қолға алып, бұрынғы дәрежесіне көтереді. Қазіргі таңда бұл шаруашылық аудан көлеміндегі ең мықты елді мекеннің бірі болып отыр. Осы шаруашылықтың арқасында ауыл келбеті жаңарып, үл-кен өзгерістер орын алды. Жаңашыл, бастамашыл идеялар жүзеге асырылуда. Көзі тірі кезінде Тұрсынхан Қойгелдіұлы әкесі Қойгелдінің басына барып, туған жердің бір уыс топырағын салып қайту арманы болған еді. Өкінішке орай, бұл арманына жете алмайды. Әке аманатын немересі орындады. 2007 жылы Ержан Тұрсынханұлы Украина жеріне барып, Парышев ауылындағы батырдың қабірі басында болып, туған жер топырағын жеткізді. Батыр атасының қабірі басынан бір уыс топырағын туған еліне әкеледі. Осындай игі істерімен Ержан Тұрсынханұлы орындалмай қалған әке аманатын орындады. Батыр атаның тағы бір немересі Ерлан Қойгелдин ауылшаруашылық институтын бітірген. Қазіргі таңда туған ауылының көркейіп, гүлденуіне өз үлесін қосуда.

Қыздары Бақытгүл анасының жолын қуып, Алматыдағы шет тілдер институтын бітірді. Үлкенбөкен ауылындағы бала-бақша кешенінде ағылшын тілінің мұғалімі. Шөбересі Қуат Дәлелов ата-анасының жолымен ұстаздықты қалаған. Қазіргі кезде батыр атасының ауылында информатика пәнінің мұғалімі.

Гүлжан Астана қаласындағы қаржы Министрлігінің статистика бөлімінде қызмет атқаруда. Шөберелері Аяулым Гумилев атындағы Еуразия университетінің 1 курс студенті, Рахат 6 сыныпта оқиды.

Аудандағы тіректі елдімекен Қ.Аухадиев атындағы ауылдық огругтің әкімі Дәурен Қойгелдин батыр атаның шөбересі. Ата-анасынан тәлімді тәрбие алған ол Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын, Қазақ Қаржы экономикалық Академиясын бітірген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Пре-зиденті аппараты жанындағы Академияны үздік бітіріп, Лондонда іс-тәжірибиден өтіп келеді. Болмысынан алғыр әрі жігерлі Дәурен Бақытжанұлы еңбек жолын ата-бабасының туған жерінен бастауды жөн санады. Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Көкпекті ауданында маслихаттың бас маманы болып бастайды. 2011 жылы желтоқсан айында әкім қызметіне тағайын-далды. Қойгелді атаның ерлік жолын бейбітшілік заманында жалғастырушысы, жас болса да ауыл халқына бас болып отырған шөбересі Дәурен Бақытжанұлы бүгінде іскер әкім ретінде танылып отыр. Ауыл тұрғындары Дәуренді ауылымызға ақ жол әкелді деп айтады. Өйткені, оның келуін ауылдың тіректі елдімекендер қатарына кіруімен байланыстырады. Бүгінгі күні ауыл тіршілігі жанданып, құлпыруда.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, Қойгелді ата мен Нұржәмилә ападан өрбіген әрбір ұрпақтың керегесі кеңейіп, өрісі өсті, барлығы да бақытын еңбектен тауып, ата жолын жалғастырып келеді. Иә, адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды деген рас. Қойгелді ата мен Нұржәмилә апаның екі баласынан бүгінде тоғыз немере, он сегіз шөбере, бес немене өрбіген екен.

Өнегелі өмірі ел аузында аңыз болып қалған Қойгелді Аухадиұлының өмірден өткеніне 72 жылдың жүзі болып қалған екен. Бірақ, артында ұрпағы бар ғұмыр - мәңгілік десек, асыл жандар Қойгелді ата мен Нұржәмилә апаның ғұмырлары жалғаса береді. Өйткені, олардың соңдарында жаққан шырақтарын сөндірмейтін, есім-дерін өшірмейтін, қадірлеп-қастерлеп, құрмет тұтатын ұрпақ бар. Сол ұрпақ аман болсын деп тілейік.

 

Л.Сәрсенбаева, Ж.Шайжүнісов

атындағы орта мектеп мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз