Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 70 жыл толса да оның салған жарасы әлі де жүрегімізде. Біздің соғыс зардабын ұмытуға хақымыз жоқ, сондықтан оның қайталануына жол бермеуіміз керек. Мұны есте сақтауға міндеттіміз.

Біздің әкеміз Бектембаев Фазыл 5 қыркүйек 1921 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданы Мариновка ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Боқаев Бектембай оны өзінің немере інісі Селеубаев Сапарғалидан асырап алған. Әкесі 1937 жылы, анасы Боқаева Алтын 1938 жылы өмірден озды. Әкеміз 17 жасында тұл жетім болып қалды. Оның тәрбиесімен ағасы Селеубаев Ахметқали айналысты. Ағасының отбасы үлкен еді. Әкеміздің

математикалық ойлау қабілеті бала күнінен ерекшеленді. Өзінің еңбек жолын 1938 жылы сәуір айында Семей болысы Көкпекті ауданы, «Жаңа тірлік» колхозының трактошылар бригадасында есепші болып бастады. 1942 жылдың қаңтарында соғысқа аттанды. Курск доғасы 229-атқыштар полкінің құрамында танкіге қарсы қарудың көздеушісі болды. Осы шайқаста ауыр жараланып, 1943 жылы сәуір айында елге қайтты.

Жаппай қырғын соғыс кезінде фашист командованиесі Совет – Герман фронтында Курск маңында екі үлкен топ құрды. Мұнда эсэс-тің ең күшті дайындығы бар әскери күші енгізілді. Бұл 9 – армия және 2 – армияның 4 – дивизиясы, 4 – танк армиясы және «Кемпф» оперативтік тобы еді. Мұның құрамын 70% танк, 30% - моторлы, 20% - Вермахтың жаяу дивизиясы, 65% -соғыс самолеттері Совет – Герман фронтын құрады. Неміс шабуылы операциясының жоспары «Цитадель» деген кодпен аталды. Курск доғасында фашистер ең мықты, жаңа «Тигр» және «Пантера» танктерін қолданды. Ардагерлердің айтуынша бұл танктерге оңайлықпен оқ өтпеген. Танктің жаны, асты мен шынжыр табанынан басқасы өте берік болды. Сондықтан көздеушілер  көбінесе жанынан көздеп ататын болған. Мұнымен қатар жоғарыдан неміс самолеттері бомбалаған. Бомба түскен жер өте үлкен ор болып танктер соған құлап, шыға алмаған. Маршал Г.К.Жуков естелігінде:

«... Күшті дүмпіл құлақты жарып, жер 9 баллдық жер сілкінісі болғандай дірілдеп, ал соғыс позициясы үстінде топырақ қара бұлттай ұшты,...» - дейді. Курск доғасы шайқасы өзінің масштабы, қолданылған күші, соғыс саясаты жағынан екінші дүниежүзілік соғыстың ең басты шайқасы болды. Мұнда соғыс тарихындағы ең үлкен танк соғысы: 6 мың танк, 4 мың самолет, 2 миллион адам қатысты. Курск доғасы шайқасы – Ұлы Отан соғысы тарихының ең басты оқиғасы. Курск доғасындағы жеңлістен соң, жау екінші дүниежүзілік соғыста қорғануға мәжбүр болды. Кеңес әскеріне совет – герман фронтында алға жылжып шабуылдауға мүмкіндік туды. Осы жеңіске арнап Мос-квада бірінші салют берілді.

Москва шайқасы ерлікпен қайсарлықтың үлгісі болса, ал Сталинград шайқасы Берлинді қара жамылдырды. Курск шайқасы әлемге неміс әскері шегінетінін айқындап берді. Курск доғасы шайқасы Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталатынын ескертті. Енді жауға туған жердің бір сүйемі де берілмейді!

Әкем соғыс туралы қинала есіне алады. Қанша адам туыстарына оралмады. Оның ағалары Бектембаев Мұқан, Сапарғалиев Құсман соғыста хабарсыз кетті. Өзінің соғыстан аман – есен оралғаны таңқаларлық оқиға деп есептейді. Курск доғасы шайқасына қатысушы ретінде әкемнің есінде қалғаны өте ауыр жағдайлар мен суреттер. Жер мен көк жанып, ұрыс даласында танк танкіге, солдат содатқа қарсы оқ атты, мотор шуылы, металл соқтығысы, снаряд жарылысы құлақты жарып құлақтарынан қан ақты. Танктің бензобактері оқтан жарылып танк ішіндегі танкистер ыстық отта күйіп жанып жатты. Снаряд жарылысы бізді жан – жаққа лақтырып жіберді. Есімді жиған соң алдымен қаруымды түгендедім, соғыс заңы бойынша қаруын жоғалтқан жауынгер сатқын және дезертир болып есептелетін. Снаряд менің аяғымды жаралап, бұлшық етін жұлып әкетіп, қансырап қалдым. Соғыс даласынан орыстың аға лейтенанты алып шығып, аяғымды қатты таңып: «Енді өмір сүресің!» - деді.

1946 жылы соғыстан соң отбасын құрды. Анамыз Смаилова -  Бектембаева  Бәткеш Аймұхамбетқызы 1927 жылы туылған. 13 жасында жетім қалған. Оның өмірінде қиындықтар аз болмаған. Барлық балалар сияқты ол да тылда еңбек еткен. Анам да жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосты. Көп балалы ана ретінде анамыз «Алтын алқамен» марапатталды, көп жыл сауда жүйесінде адал еңбек еткені үшін «Ударник социалистического труда» атағымен,  «Победитель социалистического труда» белгісімен, «Еңбек ардагері», «1941 – 1945ж.ж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске  - 60 жыл» деген медальдармен марапатталған. Анамыз 2008 жылы қаңтар айында қайтыс болды. Әкем екеуі 62 жыл бірге бақытты өмір сүріп, еңбек етті. Он баланы тәрбиелеп, төрт ұл алты қыз өсірді. Әкеміз балаларына лайықты балалық шақ пен білім беру үшін өзі де оқып білім алды. Көкпекті ауданы Биғаш ауылы Маяковский атындағы мектепті экстерн түрінде бітірді. Қызы Ләйлә Алматы қаласындағы ауыл шаруашылық институтына түссе, әкесі Талғар ауыл шаруашылық техникумының «Ауыл шаруашылық өндіріснің есепшісі» мамандығы бөліміне түсіп, 1967 жылы үздік бітірді. Білім алуда да үлгі көрсетті. Осы алған білімі оның нағыз маман болып шығуына негіз болды. Көптеген жастарды есепшілікке үйретті. Олар қазір әкеміздің бұл қамқорлығын ризалықпен айтады. Барлық балалары жоғары білім алды. Қазір алты баласы, он үш немересі және он төрт шөбересі аман – есен жүріп жатыр. Соғыстан кейін 1944 – 1945 жылдары «Үлгілімалшы»  ауылында Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернат меңгерушісі болды. 1945 – 1947 ж.ж. Көкпекті ауылындағы М.Горький атындағы интернат меңгерушісі қызметін атқарды. 1947 жылдан ірі қара мал совхозы «Үлгілімалшы», Биғаш ауылындағы «Көкпекті» совхозында есепші, бас есепшінің орынбасары, 1982 жыл сәуір айынан Көкпекті ауданы Ивановка ауылында бас есепші болып істеді. Зейнеткер жасына қарамастан 1991 жылдың қазанына дейін бухгалтерлік есеп бойынша заңгер – кеңесші, содан соң жанармай қоймасының меңгерушісі қызметін атқарды. «Буденный» атындағы совхоз директоры С.К. Валитова: «Фазыл аға есепші жұмысын өте жақсы меңгерген маман. Өз ісіне мығым, өте адал азамат», - дейді жылы лебізбен.

Еңбек еткен кезінде үнемі білімін көтерді. Бірнеше рет депутаттыққа сайланды, сотта халық өкілі болды. ВДНХ – ны  қатысушысы болды.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, «Ұлы Отан соғысы 25 жылдығы» медалі және белгісімен маршал А.Гречко наградтады. 1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20, 25, 30, 40, 50, 55, 60, 65 жылдық мерейтойлық медальдарымен, «Астанаға 10 жыл», «1941 - 1945ж. Соғыс ардагері», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Әкемізден қай наградаңыз сізге қымбат деген сұраққа: «Аман – есен туған жеріме оралғаным – ең үлкен наградам!».

Қазір бейбіт заманда үлкен шаңырақ астында кең байтақ еліміздің әр түкпірінен туыстары, балалары, немере – шөберелері  9 мамыр жеңіс күнімен құттықтап келіп жатады. Ол барлығына батасын беріп, Отан үшін үздік оқып, еңбек етулерін тілейді.

Ұлы жеңіске 70 жыл! Айтулы мереке. Біз Отанымызды қорғаған ардагерлеріміз үшін қуаныштымыз. Олар бізге жеңіс күнін алып келді. Олар еліміздің азат, тәуелсіз болуы үшін күресті.

Аяулы әкеміз Бектембаев Фазылды, немере – шөберелері сүйікті аталарын Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Зор денсаулық тілейміз! Ұлы жеңістің 75 жылдығына аман – есен жетуіне тілектеспіз!

Балалары, немере – шөберелері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз