24 ақпан мен 24 наурыз аралығында республиканың барлық аймақтарында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне (24 наурыз) орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығы өткізілуде. «Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Көкпекті ауданында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесуімен бірқатар іс-шаралар жос-парланып, жүзеге асырылуда.
Олардың басты міндеті – туберкулез айықпас дерт емес екенін айту. Айлықтың мақсаты халықтың туберкулезге қарсы шаралар туралы және елдегі туберкулезді тексеру мен емдеудің тұрғындар үшін қолжетімді шарттары туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.
Туберкулез (латын тілінен tuberkulum – «туберкулез») — бұрыннан келе жатқан және белгілі ауру, ол неолит дәуіріндегі адамдардың қалдықтарынан табылған. Алайда тек 1882 жылы ғана Роберт Кох туберкулездің қоздырғышы – Кох таяқшасын бөліп алу арқылы оның инфекциялық сипатын дәлелдеді. 1882 жылы 24 наурызда неміс дәрігері Роберт Кох өзінің ашқан жаңалығын әлемге ресми түрде жариялады және осы күні ДДҰ бас-тамасымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтеді.
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
15 наурызда Көкпекті аудандық ауруханасында Ашық есік күні өтті. Бұл күні медицина қызметкерлері ауруханаға келушілерге туберкулез туралы ақпараттық парақшалар таратты. Пациенттермен кездесулер өткізілді, олардың барысында туберкулездің алдын алу мәселелері түсіндірілді, фтизиатр-дәрігердің консультациясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Болашақ - туберкулезсіз!» тақырыбында балалар арасында сурет көрмесі өткізілді. Оларда балалар аурудың қауіптілігі туралы өз көзқарастарын, аурудың дамуына әкелуі мүмкін себептерді және ең бастысы, осы жасырын аурудан қорғану жолдарын көрсетті. Үздік жұмыстардың авторларына медициналық мекеме ұжымынан марапаттар беріледі. Сондай-ақ іс-шара барысында Көкпекті ауылының орталығында жылжымалы медициналық кешенде халыққа флюорографиялық тексеру (ФЛГ) жүргізілді. Одан 68 адам өтті, оның 2-і қосымша тексеруге жіберілді. Айта кету керек, 47 адам бұрын 2 жылдан астам уақыт бойы флюорографиялық тексеруден өтпеген. 62 адам фтизитр дәрігердің консультациясын алды.
БІЗ НЕ ҮШІН ҚЫЗМЕТ АТҚАРАМЫЗ
Фтизиатр мамандығы медициналық кәсіптің ерекше түрі болып есептеледі. Себебі өкпенің құрт ауруын қоздырғыш Кох таяқшасы жылдар бойы еккен дәріге бейімделіп, сол дәрілік емге бой бермеуге айналады. Сондықтан оған емнің басқа түрін үнемі іздеуге тура келеді. Түберкулезбен ауыратындарды дерттің бастапқы кезеңінде ешнәрседе қинамайды. Сондықтан олар емделуге құлықсыз келеді. Емдеуші дәрігерге оларды және олардың жақын туыстарын мәжбүрлеп көндіруге тура келеді.
Бүгін біз Фтизиопульмонологиялық бейіндегі дәрігер мамандығы және Көкпекті аудандық ауруханасының фтизиатры Алена Вадимовна Алдажумановамен өз жұмысында қандай қиындықтарға тап болатыны туралы айтатын боламыз.
Алена Вадимовна 18 жылдан бері фтизиатр дәрігері болып жұмыс істейді. Ол өзінің күнделікті жұмыс күнінде өкпенің құрт ауруын қоздырғыш - Кох таяқшасымен күреседі.
«Менің бала кезімнен дәрігер болу арманым болды. Өзім шағын ауылда туып-өстім және әрқашан дәрігер мамандығы өте маңызды және жауапты екенін білетінмін. Фтизиатр болу үшін сізге жақсы психолог болу керек, әйтпесе сіз өз пациенттеріңізді түсініп, олардың жан дүниесін түсіне алмайсыз» дейді Алена Вадимовна өз әңгімесінде.
Кейде тіпті әр пациентпен, сондай-ақ олардың отбасыларымен кездесіп, емделу арқылы аурудан жазылатынын, туберкулезбен ауырса өмір осымен аяқталмайтынына сендіру керек.
- Туберкулез туралы мифтермен қаншалықты жиі күресуге тура келеді? Ал ол дәрігерлерге де, науқастарға да кедергі келтіре ме?
«Өкінішке орай, мен дәрігер ретінде жиі кездесетін мифтер бар. Мысалы, туберкулезбен ауы-ратын кез келген адам жұқпалы және қауіпті. Негізінде: иә, бұл ауру ауа арқылы жұғады. Дегенмен, бұл диагнозы бар кез келген адам басқаларға жұқтыруы мүмкін дегенді білдірмейді. Пациенттердің жартысына жуығы емдеуді бактериялардың бөлінуі басталатын кезеңге дейін бастайды. Туберкулезді жұқтыру үшін бірден бірнеше факторлар сәйкес келуі керек.
Сондықтан, жақын адамдар өкпе аурумен ауырған адамдардан бас тартқанда, отбасыларының ажырап, достары олармен қарым-қатынасты үзген жағдайларға іштей қынжыламын. Адамдар толығымен оқшауланған. Көбінесе, адам толығымен емделгеннен кейін де, басқалары онымен байланысуға дайын емес - олар әлі де біреуге ауруды жұқтыруым мүмкін деп қорқады. Немесе ол қайтадан ауырып қалуы мүмкін деп ойлайды. Адамдардың ең басты дүниені ұмытуда бұл диагноз қойылған адамның емделуге барлық мүмкіндігі бар. Емдеу кезінде, әсіресе басында, науқас жақындары мен достарының қолдауына өте мұқтаж.
- Туберкулезбен тек қоғамның шекті топтарынан шыққан адамдар ғана ауырады деген аңыз бар. Бұл сізге-дәрігерлерге және ауырып қалғандарға жиі кедергі келтіре ме?
- Иә, бұл тағы бір кең таралған миф. Оған тіпті дәрігерлер де сенеді.
Егер олар науқастарды қымбат жеке клиникада қабылдаса, олар туберкулез, әсіресе өкпеден тыс ауру жайлы тіпті ойламайды. Егер диагноз кеш қойылса, емге уақыт жоғалтады.
Иә, адамның өзі көбінесе туберкулез маған қауіпті емес, мұндай жағдай болмайды деген сеніммен өмір сүреді. Көбінесе дәл осы себепті адамдар флюорографияға түсуді елемейді. Ол жерде адамның туберкулезбен ауы-ру, ауырмайтындығын білдіретін белгілерді анықтауға болатынына назар аудармайды.
Әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайына қарамастан, кез-келген адам туберкулезбен ауыруы мүмкін екенін еске салғым келеді. Туберкулез адам таңдамайды. Бұл балаларда да кездесетін әлеуметтік маңызды ауру. Мұны да есте ұстаған жөн, өйткені қазір көптеген адамдар сәбилерге арналған БЦЖ вакцинасынан бас тартады.
Балаларыңызды қорғау өте маңызды, үнемі тексеруден өту қажет. Вакцина баланың ауырмайтынына 100 пайыз кепілдік бермейді, бірақ бұл вакцинациялау қажет емес дегенді білдірмейді. Вакцина жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді, ал егер инфекция орын алса, ауруды жеңілірек тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ сәби кезінде жасалған екпе, ересектерді өкінішке орай қорғамайды. Сондықтан жыл сайынғы флюорография жасау мүмкіндігін назардан тыс қалдырмаған жөн. Өйткені, туберкулез біраз уақытқа дейін асимптоматикалық болуы мүмкін, содан кейін оны флюорографиялық зерттеу арқылы анықтауға болады. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады және толыққанды өмірге тез оралады.
- Өз жұмысыңызда сізді не қуантады?
- Туберкулез ұзақ уақыт емделетін науқас түрі. Науқастарымыз ауруханадан шыққан соң басқа дәрігердің қарауында болады. Бірақ біз олармен байланысты үзбейміз. Ал, бірнеше жылдан кейін бұрынғы науқастар өзінің сәбилі болғанын, армандаған жұмысына орналасқанын айтқанда, біз олар үшін қуанамыз. Бұл адамның өз дертіне мойынсұнып қалмағанын, тек физикалық ғана емес, психологиялық тұрғыдан да емделгенін, енді ол қайтадан қалыпты, толыққанды өмірге келгенін білдіреді. Міне, біз осындай қуанышты жайттарды жиі есту үшін қызмет етеміз.
Виктория ГАРМАШОВА
(«Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
баспасөз хатшысы, эпидемиолог
дәрігері Е. Сорокинамен бірлесе)
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.