Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының ұйымдастырымен «Көкпекті ауданында құтырма ауруының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Көкпекті аудандық ветеринария бөлімінің басшысы
Е.Төлешов, «Көкпекті мал дәрігері» жетекші маманы Ж.Азикенов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Сарсенбаев және БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының басшысы Г.Абдрасулова төрағалық етті. Сондай-ақ, аталмыш бөлімнің жетекші мамандары Н.Жадрина, Г.Нығметжанова, Н.Рахимова, А.Акчабарова да болды.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде, алғашқы сөз алған Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының басшысы Г.Абдрасулова «Көкпекті ауданында құтырма ауруының эпидемиологиялық жағдайы» туралы баяндап берді. Ол: «Эпидемиологиялық жағдай халық арасында тұрақты деп бағаланып отыр. Тұрғындар арасында құтырма ауруы тіркелмеген. Көкпекті ауданы бойынша 2019 жылдың 9 айында денсаулық сақтау ұйымдарына жануарлардың тістеуі бойынша 83 адам (57 - ит иесі белгілі, 26 - ит иесі белгісіз) медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі – 41 бала (62,2%). 2018 жылдың 9 айы аналитикалық кезеңімен салыстырғанда 21 жағдайға өсіп отыр (2018ж 9 айы - 62 ит қабу жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі - 20 бала ( 30,3 %). 2019 жылдың 9 айындағы 83 ит қабу жағдайы келесі округтерде анықталып отыр:
Ит қабу бойынша шұғыл хабарламалар негізінде 2019 жылдың 9 айында ең көп тіркелген ит қабу жағдайы Самар а/о, Самар ауылында-29 ит қабу жағдайы тіркеліп отыр (жалпы ауданның 35% құрайды). Оның ішінде 14 жасқа дейінгі - 11бала. Келесі ит қабу жағдайы Көкпекті а/о, Көкпекті ауылында 15 ит қабу жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі – 9 бала тіркелген, - деп атап өтті.


Ал жиында сөз алған Көкпекті аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Е.Төлешов өз сөзінде:
- Құтырма ауруының алдын алу үшін 2019 жылғы жоспар бойынша 4000 ит жануарына құтырмаға қарсы екпе жүргізілді. 5000 бас ірі қара мал құтырмаға қарсы егілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда құтырмаға қарсы егу жоспары артып отыр. Жыл басынан қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою үшін 1515500 қаражат бөлінген. Сондай-ақ осы қаражатқа 600 бас ит 5 мысық ауланып, жойылды. Бір бас итті жою бағасы 2500 тг құрайды, - деді.
Сондай-ақ, жарыс сөзге шыққан ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Сарсенбаев та өз ойын ортаға салды.
«Құтырма ауруының алдын алу үшін Көкпекті ауданында 3 биоқару бар. Егер ит иесі белгілі болса жергілікті полиция иесіне айыппұл салынады, иесі белгісіз болса ауланып, жойылады. Ит иесі болған жағдайда 10 күнге ит бақылауға алынады. Ешқандай клиникалық көріністері болмаған жағдайда иттің дені сау деген анықтама беріледі. Әрбір адамзат баласы өзінің итіне жауапты болуын баса айтты. Ит қабу жағдайын төмендету үшін ауылдық округ әкімдерімен, жергілікті полиция мамандарымен бірлесіп, алдын алу шараларын күшейту керек екенін атап өтті. Сондай-ақ жергілікті полиция мамандары жұмысы қанағаттанарлық болу үшін, олар қанша айыппұл салынғаны туралы есебін беру қажет деп өз пікірін білдірді. Ал «Көкпекті мал дәрігері» жетекші маманы Ж.Азикенов: Көкпекті ауданында қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою үшін 1 бригада жұмыс жасайды. Олар аудандағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жояды. Ауданда ай сайын құтырумен ауыратын, ауруды жұқтыруға күдікті жануарларды ұстау үшін аулаларды тексеру ұйымдастырылып отырады, - деді.
Дөңгелек үстел соңында Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының жетекші маманы Н.Жадрина сөз алды.
- Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасы тарапынан құтырма ауруының алдын алу үшін тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көкпекті орталық аудандық ауруханасының бас дәрігеріне, Көкпекті ауданаралық ауруханасының бас дәрігеріне жән “Көкпекті мал дәрігері” КМК басшысына 83 қаулы жолданды. Медицина қызметкерлердің арасында 2 семинар жүргізілді. Тұрғындармен әңгімелесу жүргізіліп, парақшалар таратылды, -деді.
Жиын соңында, алдағы уақытта құтырма ауруының алдын алу үшін және халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту мақсатында жұмыстарды жүйелі жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл жұмыстарға тек бөлім басшылары емес ауылдық округ әкімдері және жергілікті полиция қызметкерлердің есебін тыңдау арқылы санитарлық-ағарту шараларын (дөңгелек үстел, семинар ) өткізуді жоспарлады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз