Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасында «Көңілді старт» спорттық-отбасылық сайыс болды. Аталмыш спорттық шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
Спорттық шараға мұрындық болып жүрген балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушысы Ф.Әділханова. Сайысқа балабақшаның «Балапан» және «Айгөлек» топтары бүлдіршіндері өз аналарымен қатысты. Олар Сармановтар, Салықовтар, Рахметовтар, Ахметовтар, Мұкашевтар, Елеусізовтар, Килыбаевтар, Жұмашевтар. Қатысушылар өз отбасының төсбелгісімен біркелкі формасымен ерекшеленді. Спорттық сайыс барысында «Бәйге», «Теңге алу», «Арқан тарту» атты қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Спорттық шара 9 кезең бойынша өтіп, ең мықтылар озып шықты.


Жанкүйерлерінің делебесін қоздырып, тартысты өткен спорттық ойындар мәресіне жетіп, әділқазылар шешімімен І орынға Қилыбаевтар, ІІ орынға Мұқашевтар, ІІІ орынға Елеусізовтар отбасы иеленді.
Ата-ана мен бала арасындағы, қарым-қатынасты нығайта түсуіне септігін тигізген, спорттық ойынға қатысушыларға балабақша әкімшілігінен арнайы аталымдар бойынша мадақтама қағаздары табысталды. Сондай-ақ, «Балапан» және «Айгөлек» топтарының тәрбиешілері Р.Бекова, Г.Қалиева, К.Баяхметова, музыка жетекшісі А.Оразаева және психолог Н.Туребаеваларды сайысқа ат салысып көмек көрсеткендері үшін балабақша әкімшілігінен алғыс білдіреміз.
«Отбасы-ұлағат ұясы», - дегендей, салауатты өмір салтын ұстанатын, қайсар, биік рухты отбасылар көбейіп, қазақ елі мәңгі жасасын. Елбасымыздың Нұрлы жолымен болашаққа нық басайық!


Анар Әмірғалиева, «Шуақты Шұғыла»
балабақшасының әдіскері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз