Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданындағы № 1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі осы жылдары алдына асқар алды мақсаттарды қоя білді. Әрине, негізгі мақсаттардың бірі балалардың жеке тұлға болып өсіп, спорттағы жан-жақты шеберлігін танытуға барша жағдай туғызып келеді.


Жас ұрпақтың бойына салауатты өмір салтын жүргізе білген ұжым бүгінде дегеніне жетті. №1 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушы-лары республикалық, облыстық, аудан-дық деңгейде өткізілетін жарыстардан қалмай қатысып, жүлделі орындарды иеленіп отыр.
«Талапты елге нұр жауады»- дейді бабаларымыз, аудан орталығындағы спорт мектебі талайды таң қалдырып жатқан жас спортшылардың табысына назар аудармау мүмкін емес. Бой көтергеніне көп болмаса да талай жарыстың бәсекесіне айналып, спортшыларымыздың мерейін үстем еткен спорт мектебінде кәріс халқының ұлттық спорт түрі ретінде баршаға танылған «таэквондо» спортының жетістіктері қуантарлықтай.
Осы жекпе-жектің жоғары дамуына үлес қосып жүрген, бапкер Бақыт Ғазизиұлының зор үлес қосып жүргенін айта кеткен жөн. 20 жыл бойы спорт және дене шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша елеулі еңбек сіңіріп, қаншама шәкірт баптап ұшырған жаттықтырушы Бақыт Ғазизұлы Рахимовтың Көкпекті ауданы тұрғындары арасында беделі зор.
Бақыт Ғазизұлы жаттықтыратын жасөспірімдердің толағай табыстары көп. Сүйіншілеп жеткізер бір жай, наурыз айында Екібастұз қаласында кадеттер арасында Қазақстан Республикасының сегізінші Халықаралық Кубогына қатысып, А.Бойков І орын алса, Шымкентте өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Анатолий Бойков І орынды алды. Алдағы уақытта жас таэквондашылар Монғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде.
Енді ғана қарыштап дамып келе жатқан таэквондо саласындағы спортшыларымыз намысымызды қамшылап, алыстан көз арбап, қол бұлғаған биік-биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз