Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Біздің халқымыздың ерлік дастаны найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастау алып, одан бергі небір нәубет зардаптарын бастан кешті.16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени іс-шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі Көкжайық селолық округінде де аталып өтті. Іс-шаралар легі Көкжайық селолық округінің кітапханасында «Қазақстан - менің мақтанышым» атты тақырыптық сағаттан бой алып, ауылдық мәденеиет үйі ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар, Көкжайық орта мектебінің спорт залында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа ауданымыздың жеті ауылынан командалар келіп қатысты. Бірінші орынды Көкжайық селолық округінің жас спортшылары, екінші орынды Мамай ауылының волейбол командасы, үшінші орынды Көкжайық селолық округінің ардагер спортшылар командасы иемденді.
Сондай-ақ, волейболмен қатар Көкжайық ауылдық спорт залында қазақша күрестен мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа ауданымыздан Көкжайық, Тассай, Үлкенбөкен ауылдарының спортшылары қатысты. Қазақша күрес 26-46 кг салмақ дәрежесіндегі оқушылар арасында өтті. 26 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Мәди Айтмұхамбетов, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Әлібек Сейтқалым, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Мирас Бегалиев, Сырым Құмаров иеленді. 29 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Олжас Байсейітов, 2-орынды

Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Әмір Сеитов, 3-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Аян Шұбаров, Тассай орта мектебінің оқушысы Елдар Мейрамов иеленді. 32 кг салмақта 1-орынды Тассай орта мектебінің оқушысы Тәлімжан Кеңесов, 2-орынды - Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Абылайхан Заманбеков, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Ерболат Замаданов, Олжас Айтқалиев, Тассай орта мектебінің оқушысы Еламан Мәуітбеков иеленді. 35 кг салмақ бойынша 1-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Алмас Алтынбеков, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Ерасыл Бейсен, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Мейір Зейтенов иеленді. 38 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Рауан Құсманов, 2-орынды Тассай орта мектебінің оқушысы Дархан Қанағатов, 3-орынды Тассай орта мектебінің оқушысы Дарын Асрандинов, Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Айнар Урустимов иеленді. 42 кг салмақ бойынша 1-орынды - Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Ернұр Жұмабаев, 2-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Диас Нұрғазинов, 3-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Азамат Тоқтарғазин, Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Алишер Қызайбаев иеленді. 46 кг салмақта 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Мерей Қайратов, 2-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Мұратжан Құмарбеков, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Қуаныш Молдаев иеленді.
Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!

Н.Мейірманова,
жастар саясатының маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз