Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында жаңа 2024 жыл қалың қар, боранмен басталды. Жылдың алғашқы күндерінде Көкпекті ауылында 40 см, қалған елді мекендерде 30-35 см қар жау-ды. Тоқтаусыз жауған қардың қазіргі күні аудан бойынша орташа қалыңдығы 1 метр шамасында. Орын алған жағдайға байланысты аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың басшылығымен шұғыл шаралар қабылданды. Бүгінгі күні барлық коммуналдық қызметтер аудандық және елді мекен ішіндегі көше жолдарын қардан тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев тиісті қызмет басшылары мен жауапты мамандарға, орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдеріне жағдайды үнемі бақылауда ұстап, уақытында ақпарат беріп отыруды міндеттеді. Ділдәбек Тәжібайұлы барлық бағытта үздіксіз жұмыс жүргізілуін талап етті. Көкпекті ауданы бойынша қар тазалауға 20-дан астам техника мен 80 адам жұмылдырылды.


Әлеуметтік желідегі ресми парақшасында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қар тазалау барысы туралы соңғы ақпараттарды бөлісіп, тұрғындарға үндеу жолдады. Жұмыс барысы туралы ақпарат берілген бірнеше жазба жарияланды.
«Құрметті жерлестер! Аудан бойынша барлық елді мекендерде көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Коммуналдық қызмет саласының мамандары күнделікті жауған қарды тазалау жұмыстарын абыроймен атқаруда. Өздеріңіз білетіндей ауданда 3-4 күн бойы тоқтаусыз қар жауып, қарлы боран соқты. Аудан орталығында көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазарту жұмыстарын бақылап қайттым. Ауылдық округ әкіміне барлық әлеуметтік нысандарға апаратын жолдардың қардан тазартылуын тапсырдым.
Ауданның коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Менің тапсырмам бойынша ең бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша, медицина мекемелері) апаратын жолдардың қары аршылды. Барлық көшелер мен нысандарды бір мезетте қардан тазартып үлгеру мүмкін болмай тұр. Алайда міндетті түрде жұмыс жасалады. Барша аудан тұрғындарын шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарауға шақырамын».
Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Түндікбаевтың мәліметі бойынша Көкпекті ауданындағы жалпы ұзындығы 500,6 шақырым автокөлік жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында мердігер ұйымдармен келісім-шарт жасалған.
«Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 906-1321 шақырымы (Боғас – Байбура - Қалбатау) учаскесінде қысқы күтіп ұстау жұмыстарын «SinSin» ЖШС жүргізеді. Инертті материалдар қажетті мөлшерде әкелінген. Жалпы техника саны 10 дана.
Аудандық маңызы бар жолдарды қардан тазалау жұмыстарын «Көкпекті-Жолдары» ЖШС және «СИМААС» ЖШС ұтып алды. Бүгінгі күні «Көкпекті-Жолдары» ЖШС аудандық маңыздағы жолдарды қардан тазалауға 17 бірлік техника жұмылдырды. «СИМААС» ЖШС 4 бірлік техникамен жұмыс атқаруда. Ауылдық елді мекендердің ішкі жолдарын тазалау жұмыстарына ауыл әкімдері мен тазалау ұйымдары арасында келісім-шарт жасалған. Ауылдарда қар тазалау жұмыстары уақытында әрі сапалы жасалуда.
Жаңа жыл бастала салысымен жауған сулы қар, одан кейінгі ақ түтек боранды күндер тұрғындарды біраз әбігерге салғаны рас. Ал жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянып қалмады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қар тазалау жұмыстары аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың тікелей бақылауында.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз