Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 мамырда «Туған ел – алтын бесігім» акциясының қорытындысы жасалды. Шығыс өңірінде тоғызыншы мәрте өткзілген шараның облыстың мәдениет және өнер саласына еңгізген жаңалығы мол. Барлық аудандардың көркемөнерпаздарын қамтыған акция қоры-тындысы облыстық драма театрда өткен гала концерт аясында шығарылды.


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Туған ел - алтын бесігім» акциясы аясындағы облыс көркемөнерпаздары байқауының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы өнерпаздары жүлделі 2-орын алып, 300 мың теңгенің сыйлығын олжалады. Көршілес Жарма ауданы бас жүлдені еншілеп, тоғызыншы рет қатарынан ауыспалы кубокты жеңіп алды.
Ұлттық мәдениетiмiз бен салт-дәстүрдi дә-рiптеудi мақсат тұтатын шығармашылық байқаудың маңызы жоғары. Байқау әр өңiрдiң тарихы таңбаланған мәдени мұраларын танытып, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-келiсiмдерiн көрсете бiлуiне кеңiнен жол ашты. Гала концертке іріктелген өнерпаздар қатарында Көкпекті ауданының әншілері де болды. Өскемен төрінде Шәміл Ибраев пен Дина Бозақанова ән шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз