Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет. Бірінші. Менің тапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті. Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ.

Президент Н.Ә.Назарбаев

Жұмыс, бұл – адамның ең басты құндылықтарының бірі, әлеуметтік ахуалының негізгі көзі болып табылады. Еңбек еткен адамның қарны тоқ, киімі көк болады дегендей, бүгіндері бүкіл еліміздегі сияқты біздің өңірде де кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге кең жол ашылған.


Жалпы, кәсіпкерлік сала мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы назарында екені күллі қазақстандықтарға мәлім. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы көп жанның кәсіппен шұғылдануына, соның аясында баз біреулердің «екі қолға бір күрек» табуына мол мүмкіндік туғызды. Оны күнделікті көріп те, естіп жүрміз. Бірі ет дүкенін ашса, енді бірі монша салып, пайда көзін табуға кіріскен. Араларынан Үкіметтің «Балапан» бағдарламасына сүйене отырып, жеке бөбекжай ашуды қолға алғандар мен «Сыбаға» бағдарламасы негізінде шаруашылықтарындағы төрт түлікті асылдандырғандарды да кезіктіреміз. Шағын және орта бизнесті жаңа деңгейге көтеруге өз қаражатымен өндіріс орындарын ашып жатқандардың саны да көбеюде. Солардың бірі, Көкпекті ауылындағы Нұрлан және Ханымгүл Сармановтардың отбасылық кәсібін айтуға болады. Көкпекті ауылы Абай көшесінде орын тепкен кәсіпорын ендігі кезекте аудан жұртшылығын түшпарамен қамтамасыз ететін болады. Бұл кәсіпорын 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда да-йын түшпарамен қатар, бәліштің түр-түрі және пісірілген түшпара, варениктерді тұрғындарға ұсынады.
- Шығарылатын бұл өнімдер сұранысқа ие. Сондай-ақ, алда көп жоспарлар бар. Абаттандыру жұмыстары, сыртқы келбеттерін безендіру сияқты жұмыстар. Келушілердің сенімінен шығып, сапалы қызмет көрсетуге барымызды саламыз. Әрбір тапсырыс берушінің көңілін табу оңай емес. Ауыл тұрғындары мен қонақтарынан бір ауыз жылы сөз естігенде төбеміз көкке жеткендей болады, - дейді кәсіпкердің жолдасы Ханымгүл.
Иә, жасыра алмаймыз. Қоғамда «алма піс, аузыма түс» дейтіндер де жоқ емес. Алайда, көп жағдайда жатып ішуге қарсылардың көптігін, күн-түн демей еңбек етіп, кәсібін дөңгелетіп, бала-шағасының ырзық-несібесін молайтуға тырысқан іскер адамдар аңғарта бермейді. Яғни, айналамызда қатардан қалмау үшін алға ұмтылған жандар жетерлік. «Елде болса ерінге тиеді» деген емес пе?

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз