Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Тәуелсіздік таңында, әлем картасында енді ғана бекіген кезде еліміздің тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихи маңызға ие шешім қабылдады – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін ресми жариялады.1992 жылдың 4 маусымы ел тарихында мемлекеттік рәміздердің туған күні болып мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміздің тарихы және оның бүгінгі күні. Олар Республиканың тарихи жолының ер-екшеліктері мен өзге мемлекеттер қатарында айырықша белгілерін көрсетіп, өз мазмұны мен мағынасы бойынша ізгілік, бейбітшілік пен келісім сияқты маңызды жалпы адами құндылықтарды көрсетеді. Олардың маңыздылығын белгілей отыра, ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әр уақытта, барлық халықтарда мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің айғағы болып Мемлекеттік рәміздер саналды. Ал бізде айбынды, идеялық бай Ту, Елтаңба және Әнұран бар» – деген.


Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» Конс-титуциялық заңмен реттеледі. Барлық уақытта мемлекеттік рәміздер ерекше ұлттық мақтаныш нышаны болған, сондықтан оларды құрметпен қарау әр қазақстандықтың азаматтық борышы және мемлекеттік ішкі саясаттың басты бағыты.Тарих беттерінде Мемлекеттік рәміздер басты құндылық болып, халықтарды жігерлендіріп, олар үшін қаншама ұлы ерліктер жасалған, өмірлерін пида еткен мысалдар көп. Олар елдің құндылықтарынан, басымдылықтарынан және тарихи тағдырынан түзіліп, халықаралық аренада мемлекеттің жайғасу элементі болып табылады. Қазақстанның Мемлекеттік Туы БҰҰ штаб-пәтерінде желбіреуде, ол ғарышта тұңғыш қазақстандық ғарышкермен болып, әлемдегі ең биік шыңдарды бағындырған. Ол Венадағы ЕЕҚҰ штаб-пәтерінің алдында, 56 мемлекеттің тулары қатарында, шетелдердегі біздің елдің Елшіліктерінің аумағында орын алып, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып саналады.Егемен Қазақстанның бейнелемесі тәуелсіз мемлекет идеологиясының, оның даму тарихының, ой-санасы және пәлсапасының негізгі бағыттарын көрсетеді. Қазақ халқының бостандық, тәуелсіз даму жолы туралы ғасырлар бойғы арманының іске асуының белгісі болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және дұрыс пайдалану азаматтардың бойында ұлттық сана-сезімнің түзілуіне, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның мүддесіне қызмет етуге, оны қорғауға деген талпыныстың пайда болуына әсер етеді.
Бүгінгі күні біздің халықтың мәдениеті мен дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтап қалу, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу ерекше маңызды.Біздің елімізде ұлты мен дініне қарамастан әр азамат Конституция кепілдік беретін азаматтық құқық пен бостандыққа ие және толық пайдаланады. Олар өзінің этникалық болмысын сақтап, дамытудың барлық мүмкіндігіне ие. Қазақстандағы әр этнос қоғамның маңызды да үйлесімді бөлігі.
«Қазақстан – менің Отаным» сөздері азаматтық ынтымақтастықтың символына айналып, біздің жалпы ұлттық идеяларымыздың шыңы болды. Біз, бүгін осы жерде өмір сүріп жатқандар ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап қалуға және келер ұрпақтың болашағы үшін жауаптымыз. Барлық қазақстандықтар үшін ортақ үйді бейнесіне айналған тәуелсіздік Туы астында, бейбітшілік пен тыныштық, отбасылық бақыт, мәңгілікті бейнелейтін Елтаңбамен, халық жанының нағыз жыры деп танылған ұлт Әнұранымен біз әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің бейнесін көрсеттік.
Болашақ ұрпақты өз жерін, өз елін сүюге тәрбиелейтін ел өткен қайғылы жылдардың қайталануына жол бермейді. Біз балаларымыз бен келер ұрпақтың өткен оқиғалар туралы біліп жүрулері үшін қолымыздан келгенді жасауымыз керек.
Құрметті жерлестер, Сіздерге бейбітшілік пен келісім, сәттілік пен гүлдену тілейміз!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз