Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті  ауданындағы ке-зінде атақты Малдыбай ата  ірге тасын қалаған ұжымшардағы Теректі ауылында Әділхан Сәрсенбаевтың  отбасы тұрғалы қырық жылдан асты. Жері нулы, атырабы сулы  аймақ жанға жайлы, жұртына қайырлы мекен. Әділхан ата да осында тамырын терең жайып, ұрпағын өсіруде. Бұл отбасының шежіресі сонау 1969 жылдан басталады.

Сол кездері Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылы клубындағы би кешінде танысқан екі жас - Гаухар мен Әділхан күні бүгінге дейін жұптары жазылмаған сүйіктілер. Заманындағы жастардың үрдіс-ұстанымымен Әділхан мен Гаухар да өнерге өте бейім болды. Үнді киноларындағы әндер мен рөлдерді айна-қатесіз орындау былай тұрсын, атақты Күләштің әнін, Шараның биін концерт болған сайын саханаға шығаратын. Жас отбасы Зайсан ауданының Қарабұлақ

, Шілікті, Қаратал ауылдарында тұрып, сол кездері жаңадан ашылып жатқан Ақсуат ауданына комсомолдық жолдамамен келеді. Гаухар клуб меңгерушісі болса, қолына алған істі шыр айналдыратын Әділхан аудандық автоколонаның мәдениет үйіне директор болып тағайындалады. Өнерлі, шебер, жасампаз Ақсуат жерінде жастардың өмірі спектакль, опера, хор, би ұйымдастырумен қатар, жыл сайынғы байқаулармен әрленіп білінбей өте береді. Ғалым Қалимолдин, Найманғазы Сақпантаев сияқты мәдениет жанашырлары жастарға қамқор болып, әрдайым дұрыс бағыт-бағдар беріп отырады. Сол кезде Әділхан Сәрсенбаев хор капелласын ұйымдастырады. Аспапсыз тек өз дауыстармен сүйемелденетін хор Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Су тасушы қыз», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әндерін орындағанда құлағы бар адамның таң қалмайтыны болмайтын.

Ауылға абырой, абысынға аңыз болған Гаухар апайдың 1983 жылы елімізге әйгілі режиссер Серік Апырымовтың «Қиян» фильмінде бесбаласы бар ана, қойшының әйелінің рөлін ойнап киноға түсуі еді. «Іріктеу кезінде образға кіріп, рөлдегі репдикаларды орындап бердім. Түстен кейін Серік:  «Апай, сіз лайықтысыз» деді», – деп еске алады Гаухар апай. Сол кездері Аксуаттағы ір ауылда халық    театры, ұлт аспаптар оркестрі, аспапты ансамбльдер болатын. Сол өнер қазіргі Тарбағатайда азаймай, көбейе бергені қуантады.

Бүгінде ауылымыздың аңыз атасы мен әртіс апасы Даурен, Ержан, Гүлназ, Маржан деген төрт бала өсіріп, соладан көрген немере-шөберелерін бағуда. Гаухар апай елге сыйлы, ағайыны еркелетіп Кәукен дейді. Жүзінің нұры таймаған, кез-келген сериалға апарып, рөл берсеңіз әлі де дөңгелетіп әкетердей.

Әділхан ата гараждың қақпасын ашып қойып, төске соққан балғасын «Су тасушы қыздың» әуеніне келтіре қағады. Өнерлері бағаланып, ата-анасының жолдарын қуған Дәурен ұлдары Көкпекті ауданы Теректі ауылының клуб меңгерушісі. Клуб мәдени қызмет көрсетуден ауданда алдыңғы қатарда. Одан өзге атақ марапат та баршылық, әйтседе, ауылдастарының «өнерлі отбасы, бақыттты отбасы» дегеніне жетері жоқ. Аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Гүлбаран Ақшабаеваның айтуы бойынша:

 - Әділхан аға мен Кәукен апайдың өмірі жастарға үлгі. Олардың өнерді сүйіп, қастерлеуі ерекше. Отбасы да үлгілі, балалары да мәдениетті, ауылымыздың нағыз зиялылары. Меніңше бақытты отбасы осындай болуы керек.

Қайрат Малғаждаров

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз