Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ала жаздай тыным таппай еңбек еткен Көкпектілік «Жасыл ел»  жастар жасақтары осымен 14-ші маусымды аяқтады. Еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтті. Атқарылған  жұмыс барысында кез-келген істі дөңгелетіп әкетіп, белсенділік танытқан 2 сарбазға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Жазғы демалысын текке кетірмей, еңбек етіп өткізген жастар саны жыл санап артып келеді. Биылғы еңбек маусымында аудандық жастар орталығы арқылы «Жасыл ел» жасағына 35 квота бөлініп, онда 35 сарбаз еңбек еткен болатын. Жасыл ел жасағына Көкпекті ауылында 25, Самар ауылында 10 жас өрен аудан мен елді мекендерді көгалдандыру мен көркейту және абаттандыру жұмыстарының бел ортасынан көрінген болатын. Қыркүйектің 14 күні «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының он төртінші еңбек маусымының жабылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиын барысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ең үздік сарбаздары анықталды. «Жасыл ел» жасағының жұмысын ұйымдастырушы Жастар орталы-ғының директоры Азамат Қалықовтың айтуынша, Әділжан Ғалымов биылғы он төртінші еңбек маусымының қорытындысы бойынша үздік сарбаз аталымына ие болды. Әділжан Ғалымов аграрлық факультетінде білім алады екен. Үшінші курс студентінің «Жасыл ел» жасағы қатарында жүргеніне биыл екінші жыл болыпты. Ол өз командасымен туған жері Көкпекті ауданын абаттандыру жұмыстарына ат салысты. «Жасыл ел» еңбек жасағымен осы уақыт аралығында 250 түп шырша, 700 ден аса гүл көшеттері отырғызылыпты. Белсенді жастар шамамен 15 нысанды қамтыған тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданды абаттандыруға өз үлестерін қосқан.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз