Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. 

Мемлекет тірегі – үлгілі отбасы. Отбасының татулығы берік болса, еліміздің де керегесі кең. Сондай өнегелі, үлгілі отбасылардың қатарына Сыздықовтардың жанұясын қосуға болады. Бүгіндері сексен екінің ауылына ат байлаған Сайдахмет Сыздықов пен Гүлбаян Сыздықованы ауылдастары айрықша құрмет тұтады. Екеуі де қарапайым еңбек адамдары. Сайдахмет ата ұзақ жыл мал шаруашылығы саласында төл өсіруші болса, Гүлбаян апа да зейнеткерлікке жеткенінше мал шаруашылығының қат-қабат жұмыстарының бел ортасында болған.
Ынтымағы жарасқан ерлі-зайыптылар отбасында 7 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазіргі күні ұлдары ұяға, қыздары қияға қонды. Қос зейнеткер ұл-қыздарынан 17 немере, 8 шөбере сүйген ардақты ата, сүйікті әже. Отбасының ақылшысы, Сайдахмет Мақанұлы 1936 жылы дүниеге келген. Сайдахмет ақсақал – бұрынғы Большевик совхозының тумасы. Әуелі Большевик совхозында тракторшы, комбайншы болып еңбек жолын бастаған алғыр жас 1954 жылы механизатор болған. Ал 1962 жылы Сайдахмет ата өзінің өмірлік жары Гүлбаян апамен тағдыр жарастырған. 1970 жылы Большевиктен Қарағандыкөл ауылына көшіп келеді. Онда совхоздың малын бағып, сиыршы болыпты. Сол кездің өзінде Сайдахмет ата білекті ер азаматтармен иық тірестіре жұмыс жасап, алғы қатардан көріне біліп, биік жетістіктерге қол созды. Төрт түлік малдың ішіндегі зеңгі баба төлін баққан ол, 100 бас сиырдан жоспардан артық 80 бұзау алып, ең үздік сиыршы мәртебесіне дейін жеткен. Еңбек еткен әр жылдарында алған құрмет грамотасы, мадақтама қағаздары, алғыс хаттар осыған куә. - Бала-шағаларының қуанышына кенелген олардың бір шаңырақ астында түтін түтеткендеріне биыл 56 жыл толып отыр. Тоғыз балам тоғыз ауыл болды, міне. Шүкір., - дейді Гүлбаян Сыздықова.


Шынында отбасын құру, сол шаңырақты сақтап қалу -оңай шаруа емес, Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Өйткені, тәрбиенің түп-тамыры отбасынан басталады. Ал бақытты отбасын құру отағасы мен отанасына байланысты. Үнемі өткеніне салауат, барына шүкір айтып, ұрпағының болашағына сеніммен қарайтын отағасы Сайдахмет Мақанұлы бүгінде 82 жаста.
Әр отбасының ұйытқысы, шаңырақтың түтінін түтетуші – ана екені белгілі ғой. Ол отағасымен бірге иықтасып қызмет етті.Өмірдің ауыр сынақтарында қайыспас емендей қарсы тұрып, өмірлік жары Сайдахмет атаны күтіп бағып отыр. Гүлбаян апа «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері. Апамыздың дастарханы қашанда жаюлы, қазаны асулы тұрады екен. Ал мұндай берекелі үйден қонақ үзілген бе? Жоқ, әрине. Отбасының ұйытқысы бола білген Гүлбаян апамыздан көп нәрсені үйренуге болады. Ұрпақтары аналық мейірім мен әкелік қамқорлықтан еш кенде емес. Содан да екеуі ұзақ уақыт бақытты ғұмыр кешті, 9 бала тәрбиелеп, үлкен өмірге жолдама берді. Балаларының барлығы жоғары білім алған маман иелері, балалы-шағалы.
Үлкен ұлы Талғат – Қарағандыкөл ауылында өзінің жеке мал шаруашылығымен айналысады. Самат Семей қаласында мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жанат Солтүстік Қазақстан облысының ІІД көші-қон полициясында қызмет еткен бүгінде зейнеткерлік демалыста. Асхат Павлодардың Ақсу қаласында ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді. Ал қыздың үлкені Бақытгүл ауданымыздағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптың мұғалімі. Айгүл Қарамойыл ауылындағы Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебінде директорлық қызмет атқарады. Ежелгі дәстүр бойынша ұлдың кенжесі қара шаңырақ иесі Санат қарт ата-анасын қолына алып, перзенттік парызын орындауда. Ол аудандық Қазақтелеком» телекоммунакациялар торабында монтер ал жары Айнұр аудандық орталық ауруханада медбике болып қызмет атқарады. Бүгінде Сайдахмет ата мен Гүлбаян апа Көкпекті ауылында немерелері Танат пен Гүлсімнің ортасында бейнеттің зейнетін кешуде. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, отбасының тірегі Сайдахмет Мақанұлы балаларына Отаныңа қызмет етуден асқан бақыт жоқ екенін үнемі тілге тиек етеді. Оларға маңдай термен тапқан еңбектің наны тәтті болатынын, ол үшін білім керек екенін үнемі айтып отырады. Ал балалары әкенің тәрбиесі мен ананың тәлімінен ешқашан аттап кеткен емес. Айтқан ақылдарын өмірлік қағида етіп ұстанған балаларына ата-анасы қашанда риза. Қарағандыкөл ауылы Сыздықовтар отбасын әрдайым үлгілі де өнегелі өмір кешкен тәрбиелі ұя деп бағалайды. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған үлгілі шаңыраққа бақ-береке тілейміз. Осындай үлгілі ұл мен тәрбиелі қыз өсірген отбасылар қатары көбейген сайын қазақтың мәртебесі биіктей беретініне біз қашанда сенімдіміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз