Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиа-лының ғимаратында өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысына аудан әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаев, мәслихат хатшысы Т.Сарманов, қоғамдық кеңес мүшелері, соның ішінде мемлекеттік орган өкілдері, мәслихат депутаттары, ШҚ басшылары қатысты.
Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Слямбек Мұқашев ашып, жүргізіп отырды. Ай сайын тұрақты түрде бас қосып, кеңеске келіп түскен ұсыныстарды қарап, талқылауды дәстүрге айналдырған бұл кеңес мүшелері осы жолғы бас қосуда екі мәселе бойынша тиімді жақтарын қарастырып, сала мамандарының атқарып жатқан жұмыстарын тыңдады.


Бірінші мәселе бойынша Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Зарыпханұлы Капчиков баяндама жасады. Баяндамашыға жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылғанымен, өкінішке орай, нақты жауаптар берілмеді.
Ауданымыздағы көп жылдар бойы жауырдай батып тұрған ең үлкен мәселе ауданның жолдары. Оларға жасалған жөндеу жұмыстарының сапасының көңілден шықпауы қызу талқыға түсті. Бөлім басшысы Мақсат Зарыпханұлының айтуынша, 2014-2015 ж.ж. аралығында 117 млн. теңге (оның ішінде, «ДСУ – 14» ЖШС 62 млн.теңге, «Көкпекті – Жолдары» ЖШС 59 млн. теңге), ал 2015-2016 ж.ж 182 млн.теңге, (оның ішінде «ДСУ – 14» ЖШС 74 млн.теңге, «Көкпекті – Жолдары» ЖШС 108 млн.теңге) қаражат бөлінген екен. Қарап отырсаңыз, қаражаттар далаға кетіп жатыр, жолдардың сапасы баяғы жартас, сол жартастың күйін кешуде. Ауданымыздың жолдары барлығымыздың жанымызға бататыны рас.
Жиын барысында өткір тілмен өз ойын ортаға салып, белсене атсалысып отырған «Елім-ай» АӨК басшысы Болат Миғражұлы Бекбердиновтың ойынша, бөлім басшысы жұмыстың бағыттарын түбегейлі өзгертіп, жыл сайын осыншама қаражатты далаға шашпай, жылда бір жолға жақсылап тұрып жөндеу жұмыстарын жүргізсе, нәтиже болатынын және кепілсіз жүргізілетін жөндеу жұмыстарын тоқтату керектігін қадап айтты. Жиынға қатысушылардың көбі Болат Миғражұлының пікірін қостады. Ал, аудан жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізетін «ДСУ - 14» және «Көкпекті – Жолдары» ЖШС-ның бұл жиынға келмеуінен көптеген сұрақтар жауапсыз қалды.
Жиын барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржановтың ойынша, аудандағы тағы бір мәселе ол сәулетші маманының жоқтығы және мына оңтайландыру кезіндегі барлық бөлімдердің бірігуі жұмыстың жүйелі және нәтижелі жүруіне кері әсерін тигізіп отырғаны. Сол себепті, ауданға сәулетшіні арнайы шақыртып, жұмыспен қамтуымыз керектігін ұсынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе туралы Жұмыспен қамту орталығының директоры Райхангүл Қапезқызы Баймолдина «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алынған несие берешегі бойынша баяндама жасап, жекелеген сұрақтар төңірегінде жауап берді. Барша жиынға қатысушылар ой-пікірлерін еркін жеткізіп, аталған мәселелерді өзара талқыға салды.
Бұл несиенің берешегі аудандағы күрмеуі шешілмеген мәселелердің бірі. Райхангүл Қапезқызының айтуынша Көкпекті ауданы облыста берешек бойынша 2 орында. Ал, берешек қарыз сомасы 10.05.2017 жылға дейін 493420, 7 мың.теңгені құрайды. Жиын барысында осы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген несиенің кейбір келісімшарттарының келеңсіз тұстары қызу талқыланды. Атап айтсақ, «Ертіс» ӘКК ҰК АО мен жасалған келісімшарт қарапайым халықты әбігерге түсіріп, кейбір жауапкершіліктен жұрдай азаматтардың кесірі қалғандарына тиіп жатқанын айтылды. Кәсіпкерлер Палатасының Көкпекті аудандық филиалының директоры Әлия Орынбекқызы қоғамдық кеңестен несие төлемей қашып жүрген азаматтарды құрықтауға кеңес тарапынан атсалысуға шақырды.
Отырыс қорытындысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев бірінші мәселе бойынша бөлім басшысына кемшіліктерді түзеу үшін тамыз айына дейін уақыт берді.
Алдағы уақытта қоғамдық кеңес мүшелері халыққа тиімді боларлықтай жұмыстарды жүргізе отырып, оңтайлы шешімдерді шығаруға күш салмақ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз