Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы айдың қасиеті мен жасалған игі істердің сауабы мол екені баршаға аян. Осы орайда, Көкпекті аудандық орталық мешітінің бас имамының міндетін атқарушы Кенжебек Ахметқалиев қайырымдылық шараларын жүргізуде.

Жасаған ісіңнің жемісін көру жаныңа жылу сыйлайды. Ал, оның нәтижесі бала жүзіндегі шынайы күлкімен өлшенсе, нұр үстіне нұр. Биылғы жаз маусымында Қ.Раев атындағы балалар үйінің 6 тәрбиеленушісі тарих тамырын тереңге бүккен, әсем ғимараттарымен ерекшеленетін Италияға демалыс күндерін өткізу үшін сапар шекпек.

Соларға қаржылай көмек көрсету арқылы Кенжебек Ахметқалиев балалардың қуанышын еселей түсуге үлес қосты.

Халықтың рухани мәдениетінің негізгі құраушысы ретінде діннің орны қандай жоғары болса, атадан балаға мирас болған ұлттық дәстүрдің де маңызы ерекше. 5 шілде күні орталық мешіт ауласына 12 қанат киіз үй тігіліп, 40 адамға арналып ауызашар берілді. Жиналған қауымға Рамазан айының сауабы жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңінен уағыз айтылды. Бұл шара бүгінгі күнгі дін мен діл сабақтастығының айқын көрінісі.

Шынайы пейілмен жасалған игілікті іс-шаралар назардан тыс қалмақ емес. Қайырымдылық пен кішіпейілділік әр мұсылманның бойынан табылуы тиіс қасиеттер екені хақ.

Жансая СМАҒҰЛОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз